|
Түркияның қару-жарақ арсеналы жаңа камикадзе дронмен толығатын болды (видео)
|
Түркияның қорғаныс қабілетін нығайтатын тағы бір камикадзе беспилотнигі көп ұзамай аталған елдің әскеріне пайдалануға беріледі. Бұл жайында islam.kz порталы Sabah ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Deli деп аталатын бұл апппарат сағатына 180 шақырым жылдамдықпен 3,5 мың метр биіктікте ұша алады. Deli әскери соққы беруші дронын құрастырған Titra Teknoloji компаниясы бұл прототипті Стамбұлдағы қорғаныс саласына арналған көрмеде жұртшылық назарына ұсынған еді. Бұл қарудың ең басты артықшылығы тасымалдауға да, пайдалануға да қолайлы, яғни, жеңіл, оны іске қосуға 15 минут уақыт кетеді. Машина екі режимде жұмыс істей алады - автономды (дербес) және қолмен (қажет кезде адам басқара алады).
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Жапонияда автокөлік енді автотұрағы бар адамдарға ғана сатылады
■
Мұсылман елі вейпке толық тыйым салмақ
■
Ұшатын көлікті енді қарапайым адамдар да сатып ала алады
■
Қазақстанда ислами инвестициялық АІ агенті пайда болады
■
Өсімдік ақуызы артық салмақпен күресуге көмектесіп қоймай, қартаю процесін тежейді