Тұтас бір елдің өзендері цианидпен және сынаппен ластанды
Тұтас бір елдің өзендері цианидпен және сынаппен ластанды
2 жыл бұрын 992 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Африка құрлығындағы тұтас бір елдің өзендері цианидпен және сынаппен ластанған. Бұл жайында islam.kz порталы Eco-Business ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, Камерунның қоршаған ортаны қорғау және дамыту орталығы (CED) ел аумағында алтын өндіретін қытайдың Mencheng Mining және Zinquo Mining компанияларын айыптайтын мәлімдеме жасады. Африкада сынап пен цианид  Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының балама химиялық заттарға көшу туралы ұсынысына қарамастан әлі де қолданылуда. «Бірнеше су арналарында, соның ішінде Камерунның шығысындағы Цзенгу өзенінде соңғы сынақтар жақын маңдағы алтын шайылатын тоғандардан ағып жатқан суда сынаптың бар екенін көрсетті», деп мәлімдеді CED экологы Марк Ансельме Канга. Сарапшылардың есебінше, алтын өндірушілер күніне шамамен 40 литр сынап пен цианид пайдаланады – әр жұмысшыға екіден. Олардың арасында балалар да бар - көбісі ата-анасына көмектесу үшін мектепті тастап кеткен. Адамдар мен жануарлар улы заттардан зардап шегіп жатыр. CED өкілдері пілдердің Батури аймағындағы судағы улы заттардан уланып өлді, деп есептейді. Тура тоғанның ішінен бірнеше жануардың өлексесі табылған. «Орман және ауылды дамыту» үкіметтік емес ұйымының мәліметінше, Камбеле ауылының тұрғындары алтын өндіру саласының кесірінен бұдан былай мал бағып, өзен суынан балық аулап жеуден қалған. Mencheng Mining джәне Zinquo Mining компаниялары жергілікті белсенді экологтар мен тілшілердің сауалына жауап беруден бас тартқан, дәлірегі, елеусіз қалдырған.

0 пікір
Мұрағат