|
Үймен қоса әйел адамның да сатылатыны жөнінде хабарландыру пайда болды
|
Индонезияда қызық хабарландыру пайда болды: үй сатылады, үймен бірге гараж, аула және... әйел де қоса сатылады. Елді елең еткізген бұл хабарландыруды 40 жастағы жесір әйел берген. Ол үйдің жаңа қожайынына тұрмысқа шығуға келісімін беріп отыр. Яванес қаласының маңындағы Слеман елді-мекенінде орналасқан үй 76 000 долларға бағаланып отыр. Жылжымайтын мүлікті сатуға қатысты осынау хабарландыру мазмұны әдеттегідей өріліп келіп, аяқ жағына келгенде тосын ұсыныспен аяқталады: «Бағасына келіспеген сатып алушы үй қожайынына үйлену жайында ұсынысын білдіре алады». Бұл үйдің қожайыны Вайна Лия (Wina Lia) сұлулық салонының да иесі, екі баласы бар. Оның бұл хабарландыруы ғаламторды шарлап кетті.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Мысыр Nvidia технологияларын қолдана отырып, құны 1 миллиард доллар болатын дата-орталықтың AI орталығын салады
■
Бейнебақылау камерасының адам психикасына бейсаналы әсерінің салдары анықталды
■
Маймыл тапшылығы тұтас индустрияның дағдарысына бастайды
■
Макао мұсылман саяхатшыларын тарту үшін халал индустриясын дамытады
■
Кездейсоқ ашылған жаңалық: суықтау микробтарға байланысты болмай шықты