Вирус саласын зерттеп, Нобел сыйлығын алған ғалым короновирустың жасанды вирус екенін мәлімдеді
Вирус саласын зерттеп, Нобел сыйлығын алған ғалым короновирустың жасанды вирус екенін мәлімдеді
4 жыл бұрын 32580 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

2008 жылы Нобел сыйлығын алған француз вирусологы Люк Монтанье тәжді тажалдың жасанды вирус екенін әлемге әйгілеп жар салды. Француздардың Pourquoi Docteur ақпаарат көзіне берген сұхбатында. Оның айтуынша, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы тарапынан COVID-19 деген ресми атауға ие болған вируста ВИЧ-тің құрамы барын жаһанға жария етті. Бұл жайында орыстардың "Известия" мерзімді басылымы мәлім етті. Вирусолог ғалымның сөзіне қарағанда, короновирустың жабайы жануардан тарағаны туралы аңызға бергісіз ақпараттың шынайылығы сын көтермейді. Бұл вирус Ухан бактериологиялық зертханасында пайда болған. Люк Монтанье қытайлардың аталмыш вирусты жасау үшін 2000 жылдан бері жұмыс істеп келгенін жеткізді. Бұл турасында CNews ақпарат көзі хабарлады. Бұрын үнді ғалымдарының осыған ұқсас зерттеу жүргізуге талпыныс жасап көргенін де тілге тиек етті. Мұндағы мақсат организмді ВИЧ-тен қорғайтын екпе жасауға саяды. Әлемге әйгілі Euronews ақпарат көзінің дерегінше, АҚШ-тың барлау қызметі де короновирустың Ухан зертханасында жасалғанын жариялап отыр. Соған қарамастан Қытай билігі инфекция туралы толыққанды ақпарат бермей, көптеген мәліметті құпия ұстап отыр. Бұған қоса, Қытай билігі Ухан қаласындағы зертханаға тексеріс жүргізбек болған халықаралық сарапшылар мен ғалымдар тобын жібермегені де күмән тудырады. 

Люк Монтанье өзі LAV (лимфоаденопатпен ассоцияланған вирус) деп атаған вирусты зерттеуге арналған (кейін ВИЧ деген атпен танымал болған) 1983 жылғы еңбегі үшін 2008 жылы Нобел сыйлығын алған болатын.

Қарай отырыңыз: 

"Америкалық сарапшы Қытай билігін «адамзатқа қарсы қылмысқа барды» деп айыптап отыр" (сілтемесі: http://islam.kz/kk/news/alem/amerikalyq-sarapshy-qytai-biligin-adamzatqa-qarsy-qylmysqa-bardy-dep-aiyptap-otyr-13421/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат