|
Әлемдегі алғашқы басқарылатын трансформер робот көрсетілді (видео)
|
Қытайдың Unitree Robotics компаниясы маймыл секілді жылжып, бетон қабырғаны құлата алатын, ең бастысы, көлікке айнала алатын ірі робот құрастырды. Бұл жайында islam.kz порталы Naked Science мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. GD01 деп аталатын модел ірі тұрқына қарамастан түрленуге бейім, яғни, трансформацияланады. Азаматтық, яғни, бейбіт мақсатта пайдаланылатын ерекше роботты адам тікелей басқарады. 180 градусқа дейін иіліп, бүгіле алатын робот оператордың (басқаратын адам) салмағын қосқанда шамамен 500 келі тартады. Ең басты артықшылығы - трансформацияланатындығында. Құрылыста, ауыр конструкцияларда, орындалуы қиін өзге де істерде пайдаланылуы мүмкін.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Су тұшшыландырудың жаңа технологиясы тек суды тазартып қоймай, литиді қосады
■
Ғалымдар гравитация пен кванттық ақпарат арасында байланыс барын анықтады
■
Дәрілердің кері әсерінен болатын өлім-жітім бесінші орында тұр
■
Дене қызуын түсіретін әрі ауруды басатын дәрілер бактериялардың антибиотикке төзімділігін қалыптастыратын болып шықты
■
«Қандас» мәртебесін қалай үйден шықпай-ақ алуға болады