Ақпараттық технология бойынша Орта Азияда қай ел көш бастауы мүмкін
Ақпараттық технология бойынша Орта Азияда қай ел көш бастауы мүмкін
6 жыл бұрын 6011 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Қазақстандағыдай емес, қазба байлығы аз қырғыздар жоғары технологияны меңгеруде және бұл салада Орта Азия елдерінен алды келеді. «Технология Қырғызстанды жетекші елдердің қатарына қосады. Мұнда бизнес идея қауымдастығы серпінді дамуда. Жаңа идеялар туралы бастамаларды үкімет немесе оқу орындары емес, жекелеген адамдар көтеруде»,- деді жоғары технологиялық жобалардың дамуына жәрдем көрсететін, ықпал ететін KG Labs қоғамдық қордың жетекшісі Әзіз Солтобаев. Ақпараттық технология (IT)  саласы бүгінгі таңды кеңінен қанат жайып келеді, ал оның жылдам дамуына Қытай жүзеге асырып жатқан «Бір белдеу – бір жол» атты концепсиясы өз әсерін тигізуде. «Жаңа жібек жолы» (аталған жобаның тағы бір атауы) Қырғызстан аумағы арқылы өтеді және келешекте Тынық мұхитынан Атлант мұхитына дейінгі бірыңғай экономикалық территорияның бір бөлшегіне айналады. Бұл өз кезегінде ақпараттық технологияның жандануына мүдделі жоба болғандықтан қырғыздар да бұл салада қол қусырып қарап отырмайтын болады.

0 пікір
Мұрағат