Желіде тозаңдандырушы робот ара туралы видео пайда болды. Болашақта бұл робот табиғаттағы араларды алмастыруы мүмкін, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі life.ru басылымына сілтеме жасап.
|
Араларды алмастыратын робот аралар жасалды (видео)
|
Батыс Вирджиния университетінің мамандары зерттеу жобасының аясында робот араларды тозаңдандыруға үйреткен. Эксперимент барысында робот QR код жапсырылған гүлдерді тозаңдандырып шыққан. Әзірге бұл жасанды аралар гүлдер мен жапырақтарды бір-бірінен ажырата алмайды.
Соңғы жылдары әлем бойынша аралардың саны кеміген. Болашақта осының салдарынан көптеген өсімдік түрі жойылып кетуі мүмкін. Осы мәселені алдын алу үшін Батыс Вирджиния ғалымдары робот аралар жобасын қолға алды. Бірақ, мұндай роботтар жылыжайдың ішінде ғана жұмыс істей алады. Ғалымдар робот араларға арнайы өсімдік түрлерін өсіру керек деп әзілдеуде.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Жапонияда автокөлік енді автотұрағы бар адамдарға ғана сатылады
■
Мұсылман елі вейпке толық тыйым салмақ
■
Ұшатын көлікті енді қарапайым адамдар да сатып ала алады
■
Қазақстанда ислами инвестициялық АІ агенті пайда болады
■
Өсімдік ақуызы артық салмақпен күресуге көмектесіп қоймай, қартаю процесін тежейді