Автопилоттың тірі көлік жүргізушісінен артықшылығы айтылды
Автопилоттың тірі көлік жүргізушісінен артықшылығы айтылды
1 жыл бұрын 1009 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Peter DaSilva / Reuters

Waymo компаниясының сарапшылары адам басқармайтын көлік пен адам басқаратын көліктің апатқа ұшырау ықтималдығын салыстырып көрді. Бұл жайында islam.kz порталы The Robot Report ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Alphabet компаниясына тиесілі және өздігінен жүретін көлік технологияларын әзірлеумен айналысатын Waymo инженерлері автопилоттың қарапайым жүргізушіден артықшылығын сипаттады. Бұл тараптағы тәжірибе барысында робот басқаратын көліктің адам басқаратын көлікке қарағанда апатқа ұшырау ықтималдығы аз екені анықталды. Waymo инженерлері полицияның есептері негізінде 16 жол-көлік оқиғасын моделдеп көрген екен. Анықталғандай, беспилотник апаттың 75 пайызын, яғни, 12 апаттың алдын алса, тірі көлік жүргізушісі 10 апатты, яғни, 62,5 пайызын болдыртпады. Сондай-ақ, автопилот 93 пайыз жағдайда, адам 84 пайыз жағдайда апат кезінде жолаушылардың ауыр жарақат алуына жол бермеген.

0 пікір
Мұрағат