Бактериялар шексіз өңдеуге болатын пластмасса жасауға қабілетті
Бактериялар шексіз өңдеуге болатын пластмасса жасауға қабілетті
10 ай бұрын 863 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Қоршаған ортаның негізгі ластаушыларының біріне жататын пластикпен күресте тағы бір тиімді, тың тәсіл пайда болды. Бұл жайында islam.kz порталы techcult ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. 2019 жылы Беркли (АҚШ) ғалымдары бастапқыда қарапайым және оңай қайта өңдеуге арналған пластиктің арнайы нұсқасына көшу тұжырымдамасын ұсынған еді. Мұндай материалдың сапасы жоғары болмаса да пластик қоқысқа айналмайтындығымен ұтатын. Мұндай материал полидикетоамин деп аталды, ол молекулалар арасындағы әлсіз байланыстармен ерекшеленеді - пластиктің жаңа бөлігін өндіруге қажетті шикізат алу үшін оларды көп күш жұмсамай жоюға болады. Бастапқыда ол мұнай-химия өнімдерінен жасалған, кейін ғалымдар биоматериалдарға көшті. Осы мақсатта олар өсімдіктерден қантты өңдеу кезінде қажетті заттың молекулаларын бөлетін ішек таяқшасының арнайы штаммын шығарды. Жаңа зат үшсірке қышқылының лактоны деп аталды, бір қызығы, басқа химиялық компоненттермен қосылысына байланысты түрлі қасиеттері бар полидикетоаминнің вариацияларын (нұсқаларын) алуға мүмкіндік береді. Яғни, мәңгі қайта өңделетін пластик пайда болды - мысалы, ол 60 ° C температураға төтеп бере алады. Оны өте икемді немесе өте жабысқақ етіп жасауға және бекіткіш ретінде пайдалануға болады. Қазіргі нұсқасында полидикетоамин 80% өңделген өсімдік затынан тұрады, десе де ғалымдар бұл көрсеткішті 100% дейін жеткізгісі келеді. Сонда кез келген тамақ қалдықтары пластмассаға арналған шикізатқа айналатын және түрлі өнімдерді жасауға қажетті мәңгілік қайта өңделетін қалдықтарды қайта өңдеудің бірегей жүйесін құруға мүмкіндік туады.

Биопластик

Ұқсас материалдар:

«Улы пластикпен қоректенетін бактерия табылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/uly-plastikpen-qorektenetin-bakteriya-tabyldy-13404/#gsc.tab=0);

«Картоп крахмалынан суда еритін пластик жасалды" (https://islam.kz/kk/news/arturli/kartop-krahmalynan-suda-eritin-plastik-jasaldy-18334/#gsc.tab=0);

«Пластикті залалсыздандырудың тағы бір тәсілі табылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/plastikti-zalalsyzdandyrudyn-tagy-bir-tasili-tabyldy-15793/#gsc.tab=0);

«Бірнеше күнде ыдырап жоғалатын пластик жасалды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/birneshe-kunde-ydyrap-jogalatyn-plastik-jasaldy-17911/#gsc.tab=0);

«Бір жылда ыдырап жоғалатын пластик жасалды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/bir-jylda-ydyrap-jogalatyn-plastik-jasaldy-14245/#gsc.tab=0);

«16 сағат ішінде пластикті ыдырататын фермент табылды. Пластикті қорек етіп қорытатын құрт табылды» (https://islam.kz/kk/news/madeniet/16-sagat-ishinde-plastikti-ydyratatyn-ferment-tabyldy-plastikti-qorek-etip-qorytatyn-qurt-tabyldy-16953/#gsc.tab=0);

"Пластикті бір тәулікте жоқ қылатын фермент табылды" (https://islam.kz/kk/news/gylym/plastikti-bir-taulikte-joq-qylatyn-ferment-tabyldy-16776/#gsc.tab=0);

«Суда іріп, ыдырап жоғалатын пластиктер» (https://islam.kz/kk/news/arturli/suda-irip-ydyrap-jogalatyn-plastikter-15771/#gsc.tab=0);

«Палма майының қалдығынан биологиялық ыдырауы жылдам пластик жасалды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/palma-maiynyn-qaldygynan-biologiyalyq-ydyrauy-jyldam-plastik-jasaldy-14395/#gsc.tab=0);

«140 күнде пластикті ыдырататын саңырауқұлақ табылды» (https://www.islam.kz/kk/news/gylym/140-kunde-plastikti-ydyratatyn-sanyrauqulaq-tabyldy-18495/#gsc.tab=0);

«Бір жолғы емес, бірнеше рет пайдалануға болатын пластик шөлмектен қауіпті қосындылар табылды: олардың 70%-ы беймәлім қосындылар» (https://islam.kz/kk/news/arturli/bir-jolgy-emes-birneshe-ret-paidalanuga-bolatyn-plastik-sholmekten-qauipti-qosyndylar-tabyldy-olardyn-70-y-beimalim-qosyndylar-16415/#gsc.tab=0);

«Пластик пакет қағаз пакетке қарағанда экологияға зияны аз болып шықты»  (https://islam.kz/kk/news/arturli/plastik-paket-qagaz-paketke-qaraganda-ekologiyaga-ziyany-az-bolyp-shyqty-15723/#gsc.tab=0)

«Өңделген пластик те қауіпті болып шықты» (https://www.islam.kz/kk/news/arturli/ondelgen-plastik-te-qauipti-bolyp-shyqty-18676/#gsc.tab=0);

«Қайта өңделген пластик алғашқы өңдеуден өткен полиэтилентерефталаттан да қауіпті болып шықты" (https://islam.kz/kk/news/arturli/qaita-ondelgen-plastik-algashqy-ondeuden-otken-polietilentereftalattan-da-qauipti-bolyp-shyqty-16539/#gsc.tab=0);

«Әлемегі пластик қоқыстың тек он пайызы ғана өңделетін болып шықты» (https://islam.kz/kk/news/alem/alemegi-plastik-qoqystyn-tek-on-paiyzy-gana-ondeletin-bolyp-shyqty-16449/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат