|
Финляндияда бұршақсыз кофе жасалды
|
Espoo қаласында орналасқан Финляндия мемлекеттік зерттеу орталығының (VTT) ғалымдары кофе ағашының жасушаларынан кофе өндірді. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Yle сайтына жөн сілтеген ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш зерттеуге жетекшілік еткен Хайко Ришердің айтуынша, зертханада өсірілген кофенің дәмі 80%-ы шынайы кофенің дәмін қайталайды. Осылай деген ол мұндай кофені әзірлеу процесі бірнеше технологияны талап ететінін алға тартты: мәселен, кофені лазермен қуыру секілді. Бұл кофе Beanless Coffee (бұршақсыз кофе) деп аталады. Зертханада әзірленген кофе тағам өнімі ретінде мәртебеге ие болуы үшін табаны күректей төрт жыл кетпек. Шамамен.
(видеосын мына сілтемеден көре аласыздар - ред.)
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Бейнебақылау камерасының адам психикасына бейсаналы әсерінің салдары анықталды
■
Адам ДНҚ-нан “құдіретті күштің” ізі табылды
■
Африкадағы дағдарыстың ең басты себебі айтылды
■
Кездейсоқ ашылған жаңалық: суықтау микробтарға байланысты болмай шықты
■
Қырғызстанда мәйітті рұқсатсыз жерлегендер мен эксгумация жасағандарға жаза күшейтілмек