|
Африкадағы жануарлардың жартысы қырылып қалатын болды
|
2100 жылға дейін Африка құрлығындағы жануарлардың жартысы жаһандық жылынудан қырылады. Яғни, жаһандық жылынудың салдарынан өзен-көлдердің тартылып, табанының құрғауынан қырылады. Бұл жайында Біріккен Ұлттар Ұйымының биологиялық әралуандылыққа қатысты өткен үкіметаралық платформада жасалған баяндамада айтылған. Сарапшылардың айтуынша, алдағы отыз жылдың ішінде биологиялық әралуандылық айтарлықтай кемитін болады. Ал 2050 жылға қарай Оңтүстік-шығыс Азиядағы корралдың 90 пайызы құрып бітеді. Мұның өзі жаһандық жылыну бәсең жүрген күннің өзінде. Егер өнеркәсіп қалдығы кемімейтін болса,, 2048 жылы аталған аймақта балық ресурсынан түк қалмайды. 2050 жылы Африка құрлығындағы халықтың саны 1,25 млрд-тан 2,5 млрд адамға дейін көбейеді.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Таяу Шығыс аймағынан алтынның ірі кеніші табылды
■
Ғалымдар сегізаяқты жасыруға көмектесетін қабілетті қайталауға мүмкіндік беретін пигментті өндірудің жолын тапты
■
Араб елінде алтын құймаларына арналған банкомат пайда болды
■
Әлемдегі ең автократиялы елдің қалта телефоны тек хабарласу құралы ғана емес, сонымен бірге, тыңшылық ету құрылғысы (видео)
■
Әлемде алғаш рет ұшқышсыз ұшатын Bayraktar Kızılelma жойғыш ұшағы ұшақты атып құлатты (видео)