2018 жылы пойыз билеттерін жеңілдіктермен алуға болады. Қазақстанда барлық пойыздарда Wi-Fi қосылады
2018 жылы пойыз билеттерін жеңілдіктермен алуға болады. Қазақстанда барлық пойыздарда Wi-Fi қосылады
6 жыл бұрын 4623 7kun.kz bryansktoday.ru

«Жолаушылар тасымалы» АҚ басқарма мүшесі Алмас Айтпаев 2018 жылдың соңына дейін пойыз билеттеріне қандай жеңілдіктер болатынын айтып берді.

«Алдағы уақытта электронды билеттер үлесі көбейе түседі. Жолаушылар тасымалы көлеміне келер болсақ, өзге теміржол әкімшіліктерін, жеке тасымалдарды қосқанда жылына 24 млн жолаушыны тасып жүрміз. Әуе немесе авто секілді өзге көліктермен бәсекелестікке қарамастан, бұл көлем сақталады», – деді Алмас Айтпаев.

Сондай-ақ, басқарма өкілі темір жол көлігімен жүру билеттерін арзандату мәселесіне де тоқталды.

«Билет құны бойынша 2018 жылы «Тұлпар-Тальго» пойыздарының билетіне ыңғайлы және реттелетін тарифтер жүйесі енгізіледі. Яғни, билетті ерте сатып алған жағдайда 20-25 пайызға дейін жеңілдіктер беріледі», – деп түсіндірді Алмас Айтпаев. 

«Жолаушылар тасымалы» АҚ басқарма мүшесі Алмас Айтпаев Қазақстанның барлық жолаушылар пойызында Wi-Fi қызметін қолжетімді ету мәселесіне қатысты пікір білдірді.

«Қазіргі уақытта «Тұлпар-Тальгоның» бірнеше пойызында, атап айтқанда Алматы-Петропавл және Алматы-Астана бағыттарына Wi-Fi қызметі енгізілді. 2020-2022 жылдары өзге бағыттарға да енгізіледі», – деді Алмас Айтпаев Астанада өткен брифингте.

Сонымен бірге, А. Айтпаев барлық пойыздарды Wi-fi қызметімен қамту мәселесіне тоқталды.

«2020-2022 жылдарға дейін Қазақстан темір жолы барлық темір жол желісіне Wi-Fi жүйесін енгізуді жоспарлап отыр, сонда барлық пойыздарда Wi-Fi қолжетімді болады», – деді ол.

0 пікір
Мұрағат