Аламан ұртына қанша азық сыйдыра алады (видео)
Аламан ұртына қанша азық сыйдыра алады (видео)
4 жыл бұрын 4180 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Сирияның солтүстігі мен Түркияның оңтүстігінде аламан тобының ерекше түрі тіршілік етеді: сириялық аламан (Mesocricetus auratus). Аталмыш кеміргіш жойылудың алдында тұр. Ол тіршілік ететін аймақта азық табу қиын болғандықтан қор жинаудың түрлі амал-айласын жақсы меңгерген. Сириялық аламан орта есеппен 3 жылдан артық өмір сүрмейді. Тапқан азығын ініне жинайды. Оның табиғаттағы жауы – үкі. Ғалымдар рентгеннің көмегімен аламанның өз інінде қалай қозғалатынын бақылап көрген еді. Кеміргіш 180 градусқа дейін денесін бұра алатын аса икемді жануар болып шықты. Ғалымдар арнайы тәжірибе жүргізіп көрген екен – аламанның ұртына қанша азықты сыйдыра алатынын білу үшін. Ұртына салған азығын иығына дейін терісінің арасына "жытыра алатын қабілетін" және тар інде қалай бұрылатынын төмендегі таспаға тартылып қалған көріністен байқай аласыздар: 

0 пікір
Мұрағат