Камикадзеге баратын жанкешті құмырсқа (видео)
Камикадзеге баратын жанкешті құмырсқа (видео)
3 жыл бұрын 2121 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті. Алғашқы сөйлемнен кейін қойылуы тиіс сілтеме

«Жарылатын құмырсқа» өзінің «жауымен» бетпе-бет келгенде, аты айтып тұрғандай, өз-өзін жарып жібереді. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған ZooKeys мерзімді басылымы мен бұл турасында хабар таратқан Gizmodo ақпарат  көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ғалымдар осынау ерекше жәндікті барынша мұқият зерттеп көрген екен. Кей құмырсқалар таңқаларлық қабілеттерімен танымал: кей түрі өздерінің денесімен мұнара тұрғызса, кейбіреуі жаралы құмырсқаны «майдан даласынан» алып кетеді немесе жедел жәрдем көрсетеді. Ал тұтас колонияға тікелей төнген қатердің бетін қайтару, «жолдастарын» құтқарып қалу үшін камикадзеге баратын жанкешті түрі де болатынын сөз етпекпіз. Бұл арада ОңтүстікАзия аймағында тіршілік ететін өзгеше әндік турасында сөз болып отыр. Жыртқыш жәндікпен бетпе-бет келгенде аталған құмырсқа ішкі бұлшық еттерін күрт иырып, оны үзеді, осылайша жауын тоқтататын немесе жер жастандыратын жабысқақ әрі улы сұйықтықты сыртқа шығарады. Құмырсқаның өзі өлгенімен артындағы колониясын бір қатерден сақтап қалады. Аталмыш құмырсқа туралы ғалымдардың білгеніне бір ғасырдан асып кетті. Аталған жәндік алғаш рет XX ғасырдың алғашқы жарты жылдығында хатқа түсіріліп, құжатталған болатын. Алайда, содан беріе бір қызығы, 1935 жылдан бері мұндай құмырсқа туралы зерттеу жүргізілмеген болып шыққан немесе хатқа түспеген – таяудағы зерттеуді ескермегенде. Халықаралық ғалымдар тобы Оңтүстік-шығыс Азияның Борнео аралына (Үш бірдей мемлекеттің, атап айтқанда, Индонезия, Малайзия және Бруней елдерінің арасын бөліп тұрған арал) экспедиция жасап, «жарылатын» құмырсқаның 15 түрін анықтаған екен. Олардың бір түрі ғылымға мүлде беймәлім болып шықты, яғни, алғаш рет көзге түскен. Оған Colobopsis explodens деген атау берілді. Жан-жақты зерттеу барысында ғалымдар аталған жәндіктің тек қара жұмыспен айналысатындары ғана осындай ессіз әрекетке баратынына көз жеткізген. Олар да өзара тапқа, кастаға бөлінетін болып шықты. Мәселен, қарауыл ететін құмырсқалары бөгде жәндік келгенде тығынға ұқсайтын басымен ұяға кіретін саңылауды бітеп, ішке жібермейді. Ғалымдар алдағы уақытта аталған құмырсқаның химиялық профилін, микробиологиясын, анатомиясын әне эволюциясын зерттемек.

 

0 пікір
Мұрағат