Ластанған ауадан адам жүрегі кенеттен тоқтауы мүмкін
Ластанған ауадан адам жүрегі кенеттен тоқтауы мүмкін
2 жыл бұрын 1268 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Loren Elliott / Reuters

Сингапурдағы Duke-NUS медициналық колледжінің сарапшылары қалалық ауаның ластануы қалыпты өмір салтын ұстанатын кейбір адамдардың жүрегінің кенеттен тоқтап қалуына әкелетінін көрсетті. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған The Lancet Public Health мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ғалымдар 2010 және 2018 жылдар аралығында жиналған деректерді ауруханадан тыс жүрек тоқтауы мен мөлшері 0,001-ден 2,5 микрометрге дейінгі ауадағы PM2.5 ең кішкентай бөлшектерінің концентрациясы арасындағы корреляцияның бар-жоғын анықтау үшін талдады. Алдыңғы зерттеулер аэрозолдердің бұл санаты жүрек-қан тамырлары, тыныс алу және көз ауруларының қаупін айтарлықтай арттыратынын көрсетті. Ғалымдар орташа жасы 65-ті құрайтын науқастарда кенеттен жүрек тоқтауының 18 131 жағдайын қарастырған екен. Ауаның әрбір 10 микрограммына шаққанда PM2.5 концентрациясының артуы келесі екі күнде жүрек тоқтау қаупінің жоғарылауымен байланысты болды, содан кейін бұл қатер келесі үш күнде төмендеген. Дегенмен, жүректің тоқтап қалуының ең жоғары ықтималдығы дефибрилляторды қолдану тиімсіз болатын, сондай-ақ, үйден тыс жерде жүрек тоқтап қалу қатері жоғары кездер де болады. Десе де диаметрі 10 микрометр немесе одан аз PM10 бөлшектері, сондай-ақ, O3, NO2 және SO2 газдары бар ауа құрамы кезінде адамға мұндай қауіп төнбейді. Бұл бағыттағы есеп бойынша емханадан тыс жерде PM2.5 концентрациясымен байланысты жүректің тоқтап қалу оқиғалары ауаның бір текше метріне PM 2.5 концентрациясы бір микрограммға азайса, сегіз пайызға кемитін, ал ауаның бір текше метріне PM2.5 концентрациясы үш микрограмға азайса, 30 пайызға кеитін болып шықты. 2021 жылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған ауадағы аэрозолдердің жылдық PM2.5 концентрациясы үшін ауаның текше метріне 10 микрограмнан 5 микрограмға дейін және PM10 концентрациясы үшін 20-дан 15 микрограммға дейін төмендетілді.

Ұқсас материалдар:

«Аэрозолдер мен көмірқышқыл газының адам денсаулығына әсері анықталды» (https://islam.kz/kk/news/arturli/aerozolder-men-komirqyshqyl-gazynyn-adam-densaulygyna-aseri-anyqtaldy-17626/#gsc.tab=0);

«Ластанған ауа да алжуға бастайды. Аутизм мен ластанған ауа арасында байланыс бары анықталды» (https://islam.kz/kk/news/madeniet/lastangan-aua-da-aljuga-bastaidy-autizm-men-lastangan-aua-arasynda-bailanys-bary-anyqtaldy-17606/#gsc.tab=0);

"Ауаның ластануынан жыл сайын алты млн шарана шала туады" (https://islam.kz/kk/news/alem/auanyn-lastanuynan-jyl-saiyn-alty-mln-sharana-shala-tuady-15826/#gsc.tab=0);

«Лас ауадан өілім-жітім көбейіп барады» (https://islam.kz/kk/news/alem/las-auadan-oilim-jitim-kobeiip-barady-15724/#gsc.tab=0);

«Ауаның ластануынан өлгендер саны короновирустан көз жұмғандардан екі есе көп» (https://islam.kz/kk/news/alem/auanyn-lastanuynan-olgender-sany-koronovirustan-koz-jumgandardan-eki-ese-kop-15058/#gsc.tab=0);

«Өткен жылы ауаның ластануынан 500 мыңдай бала көктей солды» (https://islam.kz/kk/news/alem/otken-jyly-auanyn-lastanuynan-500-myndai-bala-koktei-soldy-14313/#gsc.tab=0);

«Таяу Шығыстағы бір ғана елде ауаның ластануынан жыл сайын 33 мың адам опат болады» (https://islam.kz/kk/news/alem/tayau-shygystagy-bir-gana-elde-auanyn-lastanuynan-jyl-saiyn-33-myn-adam-opat-bolady-12796/#gsc.tab=0);

«Жылына 7 миллион адам ауаның ластануы салдарынан көз жұмады» (https://islam.kz/kk/news/madeniet/jylyna-7-million-adam-auanyn-lastanuy-saldarynan-koz-jumady-10143/#gsc.tab=0);

«Жылына ауаның ластануынан қанша экономикалық шығын келеді немесе адам шығыны қанша» (https://islam.kz/kk/news/alem/jylyna-auanyn-lastanuynan-qansha-ekonomikalyq-shygyn-keledi-nemese-adam-shygyny-qansha-11160/#gsc.tab=0) 

«Бүгінде адамзатқа жұқпалы індеттен де қауіпті қатер аталды» (https://islam.kz/kk/news/alem/buginde-adamzatqa-juqpaly-indetten-de-qauipti-qater-ataldy-13928/#gsc.tab=0);

«Елімізде ластанған ауадан жылына қанша адам көз жұмады немесе Қазақстан көмірден қашан бас тартады?» (https://www.islam.kz/kk/news/qazaqstan/elimizde-lastangan-auadan-jylyna-qansha-adam-koz-jumady-nemese-qazaqstan-komirden-qashan-bas-tartady-15756/#gsc.tab=0

«Метанның парникті газы құмырсқа қышқылына айналдырылды (құмырсқа қышқылы туралы аз-кем дерек)» (https://islam.kz/kk/news/gylym/metannyn-parnikti-gazy-qumyrsqa-qyshqylyna-ainaldyryldy-qumyrsqa-qyshqyly-turaly-az-kem-derek-14642/#gsc.tab=0);

«Көмірқышқыл газынан ет өндіріледі» (https://islam.kz/kk/news/gylym/komirqyshqyl-gazynan-et-ondiriledi-12929/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат