Метанның парникті газы құмырсқа қышқылына айналдырылды (құмырсқа қышқылы туралы аз-кем дерек)
Метанның парникті газы құмырсқа қышқылына айналдырылды (құмырсқа қышқылы туралы аз-кем дерек)
4 жыл бұрын 6586 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Метан химиялық заттар өндірісі үшін келешегі зор энергетикалық ресурс ретінде алға шығады. Бұл жайында islam.kz порталы осы бағыттағы зерттеу материалы жарияланған Nano Energy мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Алайда, метан молекуласы поляризациясының төмендігі (яғни, қандай да бір заттың сыртқы магникттік полясында электрге ие болуы деп түсініңіз – ред.) мен симметриясының жоғары болуы  (молекуланың құрылымына қарай жіктелуі, молекулалардың электрондық, айналмалы күйлері, т.б.) оны жұмсақ жағдайда белсендіруге мүмкіндік бере бермейді. Яғни, жұмсақ жағдайда бұл арада химиялық реакция турасында айтылып тұр. Десе де таяуда Қытай ғылым академиясының (CAS) Далиян химиялық физика институтының  (DICP)  ғалымдары метанды жұмсақ жағдайда құмырсқа қышқылына (HCOOH)айналдырудың жолын тапқан болатын. Химиктер тәжірибе барысында метанды құмырсқа қышқылына (HCOOH) дейін қышқылдандыруды ZSM-5 (цеолиттің (Цеолиттер (грек. — қайнайтын) — сілтілік және сілтілік жер металдарының сулы алюмосиликаттары түріндегі минералдар – Уикипедия) молекулярлық құрылымы) каналдарымен шектелген Fe (темір) атомдық-дисперстік аймағында ғана жүзеге асыра алған. Бұл тараптағы реакция 80°C температурада жүргізілді. Мұндай температура «жұмсақ жағдай» ұғымына кіреді. Ғалымдардың бұл бағыттағы зерттеу жұмыстары жұмсақ жағдайда метанды өзгертуге мүмкіндік беріп отыр. Метан жердегі көмірқышқыл диоксидімен, озонмен қатар негізгі парникті газдар тобында, ал құмырсқа қышқылы көптеген жерде қолданылатынын айта кету керек. Яғни, метан да, құмырсқа қышқылы да әлеуеті жоғары ресурс ретінде алға шығады. Құмырсқа (метан) қышқылы - карбондық топтың қаныққан бір негізді қышқылдарының бірінші қатарына жататын химиялық реактив. Аталмыш қышқыл қалыпты жағдайда иісі өткір түссіз сұйықтық болып келеді, ол диэтилді спиртпен, этанолмен және сумен жақсы араласады, ол бензол, глицерин, толуол және ацетонды ортада ериді. Құмырсқа қышқылы қалақай, т.б. өсімдіктермен қатар жеміс-жидектің көптеген түрлерінде, құмырсқалар мен аралардың каустикалық секрецияларында кеңінен кездеседі. Құмырсқа қышқылы өзінің бірегей өзгеше молекулярлық құрылымына қарай бактерияға қарсы тұра алады, сол себепті, ол тағам өнеркәсібінде (E236 қоспасы) кеңінен қолданылады – кондитерлік өнімдерді, консервіленетін әрі сүт өнімдерінде, т.б. бактерияға қарсы агент ретінде пайдаланылады. Ол тағамның тез бүлінуінен, сапасын жоғалтудан сақтайды. Ал тоқыма өнеркәсібінде жүнді бояйтын бояу, яғни, ағартушы бряу ретінде қолданылса, ара шаруашылығында паразиттерге қарсы дәрі ретінде пайдаланылады. Химия өнеркәсібінде ерітінде ретінде қолданылады. Міне, құмырсқа қышқылының осындай ұшан теңіз артықшылықтары бар. Сол себепті де метанды залалсыздандыру проблемасы ғалымдардың ізденісі нәтижесінде пайдалы жағына қарай шешімін тауып отыр. Қауіпті метан осылайша адамзат иглігігіне жаратылатын болды. Бұл – үлкен жетістік!

Уикипедия электронды анықтамадан: Құмырсқа қышқылы (formic acid) - қарапайым карбон қышқылы, химиялық формуласы - НСООН.[1]. Кейбір жәндіктер, әсіресе, қызыл құмырсқалар бөліп шығарады. Өндірістік ерітінді және аралық зат ретінде тоқыма және былғары өнеркәсібі тәрізді өнеркәсіп түрлерінде кеңінен пайдаланылады.

0 пікір
Мұрағат