|
Мұсылман әйелдерге арналған арнайы киім (спецодежда) тігілді (фото)
|
Лондон мегаполисінде аса ірі құрылыс жобасына атсалысып жүрген Лина Бегім есімді 22 жастағы британиялық мұсылман әйел шариғат талаптарына сай келетін, әйелдерге арналған арнайы киім (спецодежда) тікті. Лина Бегім аталмыш жоба бойынша аса ірі канализация коллекторында жұмыс істейтін жұмысшылардың қауіпсіздігіне жауап беретіндіктен мұсылман әйелдер үшін осындай киім ойлап тапты. Оның бастамасымен тігілген арнайы киім шариғат талаптарына сай келеді әрі қауіпсіздік талаптарына да жауап береді: жарықты шағылыстыратын элемент те қарастырылған. Оның бұл жаңалығын аталмыш жоба директорларының бірі Нил Хэнкокс жоғары бағалады.

Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Диқан бір тамшы сусыз қауын-қарбыз өсіріп отыр (видео)
■
Сарапшылар жасанды зерденің ешуақытта адам деңгейіне жете алмайтынын алға тартып отыр
■
Жапондық инженерия көңді алтынға айналдырады
■
Қытай соғыс кезінде жасанды зердені де майданға жұмылдыратын заң қабылдады
■
Азия елі 14 мың аюдың көзін жойды