|
Қасыр әл-Хүкім: күрделі сәулет организмі (фото)
|
2025 жылы іске қосылған Қасыр әл Хүкім стансасы Саудия астанасындағы метрополитеннің жаңа жүйесінің орталық буынына айналды әрі әлемдегі сәні мен сәулеті келіскен нысандар тізіміне енді. Бұл жайында islam.kz порталы Islamosfera ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш станса әдеттегі көлік желісін елестету қиын қаланың тарихи бөлігіне кіріктірілген күрделі де сәулеті ерекше организм іспетті. Норвегтердің Snøhetta бюросы италиялық One Works және Crew әріптестерімен бірігіп әзірлеген жоба өткен жылдың аққпан айының соңына таман ашылды.
Айна тостаған оптикалық құрал ретінде
Объектінің көрнекі доминанты - диаметрі жетпіс метрге ойылған айналы тостаған. Конструкция қалыңдығы сегіз миллиметрлік қосарлы, иілген, тот баспайтын болаттан жасалған. Көрнекілігіне қарамастан бұл элемент үлкен оптикалық рефлектор ретінде жұмыс істей отырып, ең алдымен нақты бір міндетті орындайды. Тостағанның негізгі техникалық міндеті тікелей күн сәулесін атриумның тереңіне, дәлірегі, қырық метрге дейінгі тереңдікке бағыттауға саяды. Мұндай сәулет шешімі тәуліктің жарық уақытында электр энергиясына жұмсалатын шығынды айтарлықтай азайтады. Инсоляциядан бөлек ойық пішін пассивті термореттеуге (жылу деңгейін жайлап өзгертуге) ықпал етеді. Жылтыр болат күн радиациясының жоғары шағылысу коэффициентіне ие болғандықтан конструкциялардың қызып кетуден қорғайды.
Жер асты оазисі және климатты бақылау
Отыз бес метрге жуық тереңдіктегі жер астында «оазис» - тұмшаланған шыны қабықшаға салынған тірі өсімдіктері бар бақ орналасқан. Флора өмірін қолдау үшін атриумнан және талшықты-оптикалық жүйелерден табиғи жарық комбинациясы пайдаланылады. Талшықты-оптикалық жүйе күн сәулесін ғимаратты қыздырмай стансаның ең алыс түкпіріне жеткізеді - осылайша арабстанның аптап ыстығы қоңыр салқын микроклиматты сақтау үшін өте маңызды. Өсiмдiктердiң тiршiлiгiн қамтамасыз ету процесі бірегей ғимараттың экологиялық циклiне толық кiрiктiрiлген: суару үшiн алаңның және шатырдың беткі жағынан инженерлiк жүйе мен жүлгелер жинаған, қайта өңделген су қолданылады.
Өңірлік мұраны көрсету
Интерьер дизайны терең символизмге ие. Орталық конустың ішкі қабырғалары жүздеген үшбұрышты саңылаулармен безендірілген, яғни, Нежд аймағының сәулеттік стиліне келеді. Дәстүрлі сәулетте сазбалшық қабырғалардағы мұндай перфорациялар баяу желдету және табиғи жолмен жарық беру үшін қызмет еткен еді.
Сакралды (киелі) мәні бар геометрия және қоғамдық кеңістік
Нысанның әл-Кири ауданында орналасуы бірыңғайда оған маңызды қала орталығы функциясын береді. Станса алдындағы терраццо төселген алаң ашық жаяу жүргіншілер кеңістігі ретінде жобаланған. Нөсер суын жинауға арналған арықтар ландшафта ерекше маңызға ие. Сәулетшілер бұл утилитарлық элементтерге тағы бір функция дарытқан - арналар қатаң түрде қасиетті Меккеге, яғниғ құбыла жағына бағытталған. Бұл станса алдындағы аумақты мұсылмандардың басты мерекелерінде қосымша дұға алаңы ретінде пайдалануға мүмкіндік береді. Ал түнде біріктірілген жарықдиодты жарық кеңістіктің қасиетті бағытына жөн сілтегендей болады.
2025 жылы жоба ЮНЕСКО аясында Prix Versailles сыйлығының нұсқасы бойынша әлемнің ең әдемі стансалары ретінде «Керемет жетілік» тізіміне енді және экологиялық тұрақтылығы үшін LEED алтын сертификатына ие болды.




