Саудия шөл далада мүмкін еместі мүмкін қылатын жобаны қолға алып жатыр (видео)
Саудия шөл далада мүмкін еместі мүмкін қылатын жобаны қолға алып жатыр (видео)
1 сағат бұрын 28 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

2026 жылдың наурыз айының 26-ы күні NEOM компаниясы “Садақ” деп аталатын конструкциямен жалғануы тиіс үш бөгеттің құрыылысына қатысты келісімді бұзды. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Econews агенттігіне жөн сілтеген Zakon.kz ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш жоба бойынша жұмыстардың шамамен 30% орындалғанына қарамастан, мердігер қалған қарыз шамамен 2,8 миллиард еуроны немесе шамамен 3,2 миллиард долларды құрайтынын және келісімшартты бұзу және жұмысты тоқтату шығыстары келісімшарт шарттарына сәйкес өтелетінін мәлімдеді. Бұл тараптағы келісімшарт жасасу туралы 2024 жылдың қаңтар айында жарияланды. Бұл арада сөз Троена тауларында тұщы су көлін құруға бағытталған құны 4,7 миллиард долларға жуық жоба турасында болып отыр. Жоспарда «тығыздалған бетон айдынынан» бас бөгет салу, сондай-ақ, ауқымды жер қазу жұмыстары көзделген. «Өзара келісім бойынша шартты бұзу» - бұл шарттың клиентке құрылысшыға наразылық білдірмей жұмысты тоқтатуға мүмкіндік беретін тармағы. Неліктен көлді жағалауда емес, дәл сол жерде жоспарлаған? Мынадай уәж келтірілген: теңіз деңгейінен биіктігі және жасанды жолмен қалыптастырылатын қар жүйелері қысқы спорт түрлерінің дамуына ықпал етуі мүмкін, ал көл қайықпен демалуға арналған. Алайда, су қоймасы егер су тұрақты келіп түссе және шығын аз болса ғана жұмыс істейді, сондықтан да жоба бастапқыда талас-тартыс тудырған еді. Жоспарға сай бірнеше құрылыстың орнына үш тосқауылды алқапты герметизациялау және судың қозғалысын бақылау үшін пайдалану көзделген. Бөгеттердің екеуі бетоннант тұрғызылады, ал үшіншісі тас конструкция ретінде жоспарланған - жергілікті жердің бедеріне байланысты тік қабырға салуды қиындататын тұсында. Темір-бетон құрылысты жеделдетуі мүмкін, алайда, бұл мәселені шешудің ең төте жолы емес. Қабаттар жақсы жабысуы немесе қабысуы тиіс және құрылысшылар уақыт өте келе су ағып кетуі мүмкін саңылау қалдырмауы қажет. Шөлдегі көлде жағалау желісін құру кезіндегі ең күрделі міндет - бассейнде суды ұстап тұру. Ыстық аптапта бассейндегі су буланып, деңгейі төмендеп кетуі мүмкін, өйткені, су қоймасының беті ашық болады.

 

0 пікір
Мұрағат