|
Қытай Wing Long 3 ұшқышсыз ұшатын аппаратын жұртшылық назарына ұсынды (видео)
|
Қытай қараша айының 8-13 күндері аралығында Жухай қаласында өтетін Airshow China 2022 көрмесінде соңғы Wing Long 3 ұшқышсыз ұшағын жұртшылық назарына ұсынды. Оның видеосы Twitter әлеуметтік желісінде жарияланды. Бұл жайында islam.kz порталы The Drive ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Жұрт назарына ұсынылған модел Wing Long ұшқышсыз ұшатын аппараттар желісінің одан арғы жетілдірілген нұсқасы болып табылады. Салмағы 6200 келі тартатын аталмыш аппараттың ұшу қашықтығы 10 мың шақырымды құрайды әрі 40 сағат бойы жерге қонбай әуеде бола алады. Көрмеде ұсынылған модел, атап айтқанда, инфрақызыл бастиегімен жабдықталған PL-10L «әуе-әуе» зымыранын алды.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Жапонияда автокөлік енді автотұрағы бар адамдарға ғана сатылады
■
Мұсылман елі вейпке толық тыйым салмақ
■
Ұшатын көлікті енді қарапайым адамдар да сатып ала алады
■
Қазақстанда ислами инвестициялық АІ агенті пайда болады
■
Өсімдік ақуызы артық салмақпен күресуге көмектесіп қоймай, қартаю процесін тежейді