|
Шапалақ ұрсаңыз, өздігінен орнын табатын орындық (видео)
|
Ғылым мен техника күннен күнге қарыштап дамып, технологиялық жетістіктер күнделікті өмірімізден ойып тұрып орын алып жатыр. Күнде бір жаңалық ашылады. Кем дегенде. Немесе техникалық жетістіктің тағы бір үлгісіне куә болып жатамыз. Сондай жаңалықтардың біріне «Nissan» компаниясының шапалақ ұрсаңыз өздігінен жылжып, орнына келетін орындығын жатқызуға болады. Бұл жайында «korrespondent.net» ақпарат көзі хабар таратты. Олар өздерінің орнын ғимарат ішіндегі жиһаздардың өз орнында тұруын қадағалайтын бейнебақылау құрылғысының көмегімен табады. Орындықтар ондағы мотордың көмегімен жылжиды. Әзірге бұл орындықтар саудаға шығарылмайды. Бұл видео тек жарнамалау мақсатында түсірілген.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Халал сертификатына ие болған кәсіпорындар
■
Мұсылман елінде суға сүңгушілер үшін суасты мешіті ашылады
■
Капитал батыстан шығысқа ауысты: Швейцария “әлем сейфі” мәртебесінен айырылды
■
Адамзаттың жартысына дейін азаятын кезең жақындап келеді
■
Cеміздікке қарсы дәрі-дәрмек шығынын мемлекет есебінен толтыратын Еуропадағы алғашқы ел