|
71 жастағы мұсылман қария білім алудың ешуақытта кеш болмайтынын көрсетпек
|
71 жастағы түрік азаматы Скарья Себахаддин Тюйсюз дінтану факультетінің қабылдау емтихандарына дайындалып жатқан көрінеді. Шиеттей бала-шаға асырау қамымен ұзақ жылдар бойы зауытта жұмыс істеген Сакарья орта мектептік білімнің өзін тек 2001-жылы ғана алған. Ендігі мақсат – жоғары оқу орнының шәкірті атану.
«Мен өмір бойы оқысам деп армандадым. Имам болғым келді. Қазір маған жастармен жағаласып білім алу түк те ұят емес. Қайта мен оларға осы әрекетім арқылы үлгі болуым керек», – дейді ол.
Жасы келсе де үлкен-кіші замандастарына үлгі көрсете білген қарияға тілектеспіз.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Диқан бір тамшы сусыз қауын-қарбыз өсіріп отыр (видео)
■
Сарапшылар жасанды зерденің ешуақытта адам деңгейіне жете алмайтынын алға тартып отыр
■
Қытай соғыс кезінде жасанды зердені де майданға жұмылдыратын заң қабылдады
■
Жапондық инженерия көңді алтынға айналдырады
■
Азия елі 14 мың аюдың көзін жойды