|
Шаштың түсуіне ықпал ететін әдет
|
Дерматология мен трихологияға мамандандырылған Este Medical Group емханасының бас директоры , Сэм Синкир шаштың түсуіне ықпал ететін негізгі себептердің біріне тоқталды. Бұл жайында islam.kz порталы The Sun ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Білікті маманның айтуынша, ыстық себезгі қабылдауды, яғни, басын ыстық сумен жууды әдетке айналдырған адамның шашының түсу қатері артады. Дәрігердің сөзіне қарағанда, жоғары температура қан айналымын баяулатып, тері тесіктерін ашады, бұл жайт өз кезегінде шаш фолликулаларын әлсіретеді. Бұдан бөлек, ыстық су қайызғақтың пайда болуына ықпал етіп, шаштың сапасына кері әсерін тигізеді. Осыған байланысты басты жылы сумен жууға әрі салқындау сумен шаюға кеңес береді.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Жапонияда автокөлік енді автотұрағы бар адамдарға ғана сатылады
■
Мұсылман елі вейпке толық тыйым салмақ
■
Ұшатын көлікті енді қарапайым адамдар да сатып ала алады
■
Қазақстанда ислами инвестициялық АІ агенті пайда болады
■
Өсімдік ақуызы артық салмақпен күресуге көмектесіп қоймай, қартаю процесін тежейді