|
Тазаланбаған аймақты көрсететін шаңсорғыш жасалды (видео)
|
X (Twitter) әлеуметтік желісінің пайдаланушысы әрі Shopify AR/VR компаниясында инженер болып жұмыс істейтін Даниел Бошан (Daniel Beauchamp) толықтырылған шындық жүйесін пайдалана отырып, үйді тазалау процесінің геймификациясын көрсететін видео жариялады. Бұл жайында islam.kz порталы nplus1 ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Oculus Quest VR гарнитуралары үшін әзірленген қолданба еденнің таза екенін және тазаланбағанын анықтайды және әлі тазаланбаған аймақтарға жасыл түсті қолданады. Содан кейін шаңсорғышқа бекітілген VR контроллерін пайдаланып, қолданба оның саптамасының қозғалысын бақылайды және тазаланған аймақтардан жасыл виртуалды белгіні өшіреді.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Бейнебақылау камерасының адам психикасына бейсаналы әсерінің салдары анықталды
■
Адам ДНҚ-нан “құдіретті күштің” ізі табылды
■
Африкадағы дағдарыстың ең басты себебі айтылды
■
Кездейсоқ ашылған жаңалық: суықтау микробтарға байланысты болмай шықты
■
Қырғызстанда мәйітті рұқсатсыз жерлегендер мен эксгумация жасағандарға жаза күшейтілмек
