3D принтерінде суды тазартуға арналған «тірі материал» басып шығарылды (видео)
3D принтерінде суды тазартуға арналған «тірі материал» басып шығарылды (видео)
9 ай бұрын 1063 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Калифорния университетінің инженерлер суды тазартудың қоршаған ортаға зияны жоқ әдісін ойлап тапты. Дәлірегі, бұл арада ластаушы заттарды қауіпсіз компоненттерге айналдыратын, генетикалық тұрғыдан түрлендірілген бактериялардан биологиялық полимер әзірледі. Бұл жайында islam.kz порталы Nature Communications мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бактериялар шай мен шоколадта кездесетін теофиллин молекуласының қатысуымен өздігінен жойылады. Инженерлер негізгі материал ретінде теңіз балдырларынан алынған табиғи полимер альгинатты пайдаланды - оны ылғалдандырып, гел түзіп, сулы жерде тіршілік ететін фотосинтетикалық түр – цианобактериялармен араластырды. Дайын «қоспа» 3D принтерде басып шығару үшін пайдаланылды. Түрлі геометрияларды сынау арқылы зерттеушілер торлы құрылым бактериялардың тіршілігін қолдауға жарамды екенін анықтады. Оның бетінің көлеміне қатынасы жоғары. Сондықтан цианобактериялардың көпшілігі жер бетіне жақын орналасады және қоректік заттарға, газдарға және жарыққа қол жеткізеді. Тазарту жүйесінің қалай жұмыс істейтінін көрсетуді мақсат етіп, зерттеушілер детоксикациялайтын (улы заттардан тазартуға қабілетті) лакказ ферментін үздіксіз өндіру үшін цианобактерияларды генетикалық тұрғыдан түрлендірді. Бұл зат пластмасса, бояғыштар, антибиотиктер және басқа фармацевтикалық препараттар өндірісінде қолданылатын бисфенол А (BPA) қоса алғанда түрлі органикалық ластаушы заттарды залалсыздандырады. Бұдан бөлек, ғалымдар ластаушы заттарды тазартқаннан кейін цианобактерияны жоятын тәсілді де қоса әзірледі. Дәлірегі, ғалымдар бактерияларды теофиллин молекуласына реакция танытатындай етіп генін түрлендірді. Теофиллин бактерияларды жасушаны жоятын ақуыз істеп шығаруға мәжбүрлейді.

0 пікір
Мұрағат