Адам өзімен бірге алып жүре алатын персоналды жасанды зерде жасалaды (видео)
Адам өзімен бірге алып жүре алатын персоналды жасанды зерде жасалaды (видео)
6 ай бұрын 1161 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Humane стартапы өзінің негізгі өнімі - сыртқы киімге бекітуге ыңғайлы, Ai Pin портативті гаджетінің форматындағы «тағатын AI», яғни, персоналды жасанды зерденің жақын арада шығарылатынын хабарлады. Бұл жайында islam.kz порталы techcult ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталған құрылғы екі құрамдас бөліктен тұрады - ықшам шаршы модул және қуатты магнит арқылы киімнің артына бекітілген қайта зарядталатын батарея. Жеткізу жиынтығы екі батареяны қамтиды - бұл қуат көзін жылдам ауыстыруға мүмкіндік береді. Бірегей жүйе кіріктірілген микрофонмен жабдықталған, пайдаланушы ол арқылы жасанды зердеге сауалын жолдайды. АІ жауапты жылдам тауып қана қоймай, сауалды мәтіннің мәнімен (контекспен) сәйкестендіруге де қабілетті. AI электрондық поштаны оқуды және хабарламаларға пайдаланушының өзі секілді жауап беруді «біледі». Ал кіріктірілген проектор графикалық пішінде кеңестер мен хабарландыруларды (мәселен, ауа райы туралы  хабар, т.б.) алақанға сәуле түсіру арқылы көрсетеді. Humane стартапына бұл тарапта Microsoft және OpenAI компаниялары серіктес болды. Аталған компаниялар құрылғыға AI-ға қол жеткізуді қамтамасыз етті. Сондай-ақ, стартап T-Mobile-мен серіктесіп, виртуалды ұялы байланыс операторын құруды көздеп отыр. Барлық дерек меншікті бұлттық орталықта сақталады. Ai Pin-ге тапсырыстарды қабылдау қараша айының 16-нан басталад, гаджет құны - 699 доллар. Сонымен қатар, айына 24 доллар мөлшерінде абоненттік төлем төлейсіз - шектеусіз қоңыраулар, хабарлар және деректерді тасымалдауы үшін.

0 пікір
Мұрағат