|
Адамның көз жасының анализі бойынша ауруды анықтауды меңгерді
|
Қытай химиктері адамның көз жасынан барлық жинақталған ақуыз молекулаларын алатын наномембрана жасады. Бұл жайында islam.kz порталы ТАСС ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Осының негізінде сусамыр, көздің құрғауы, т.б. ауруларды анықтау әдісі пайда болған. Наномембраналар ақуыз компоненттерін және қысқа РНҚ молекулаларын тұздан, антиденелерден және көз жасындағы басқа қосылыстардан бөледі. Осыдан кейін аурудың биомаркерлерін оңай тексеруге болады. Алдағы уақытта емханада да, үйде де көз жасын талдау арқылы көз аурулары мен зат алмасу процесіндегі ауытқуларды анықтауға болады.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Ғалымдар кәрілікті тежеудің тың әдісін ұсынды
■
Африка елі төлқұжатқа хижабпен суретке түсуге рұқсат беруі мүмкін
■
Африка құрлығында қанша мұсылман бар
■
Тағы бір араб елі шетелдік компанияларға жұмыс орындарындағы жергілікті халықтың үлесін 80 пайызға жеткізуді талап етіп қойды
■
Индонезияның ислами қаржы саласындағы толағай табысы