Бала кезде алған жан жарасы мен тән жарақатына қатысты ақпарат оның ұрпағына да берілетін болып шықты
Бала кезде алған жан жарасы мен тән жарақатына қатысты ақпарат оның ұрпағына да берілетін болып шықты
4 жыл бұрын 7460 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Адамның балалық шағында алған жан жарасы мен тән жарақаты тек оның ғана болашағына кері әсерін тигізіп, өмірін өксітіп қоймай, сонымен қатар, оның ұрпағына да, дәлірегі, баласы мен немересіне де берілетін болып шықты. Яғни, тұқым қуалайтын дертке айналмақ. Бұл жайында islam.kz порталы embopress.org ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Яғни, баланың жанын да, тәнін де жаралаған ақпарат ұмытылмайды, генетикалық жолмен ұрпағына да беріледі. Цюрих университетінің ғалымдары анықтағандай, балалық шағында зардап шеккен жәбірленушінің стрестік ақпараты ген арқылы «мұраға» қалады. Бір қызығы, мұндай ақпарат ДНК арқылы емес, ДНК-ге жанаспай-ақ оның белсенділігін айқындайтын эпигенмен (молекуламен) берілетін болып шықты. Нейроэпигенетикп профессоры Изабель Мансуйдың айтуынша, бала жарақаты оның бүкіл ғұмырында қан құрамына әсерін тигізеді әрі бұл өзгеріс ұрпағына да беріледі. Ол аталмыш жаңалықтың медицинадағы маңызына тоқтала келе бала шағында жарақат алған адам ұрпағының бойында метаболистік ауытқу орын алатынын, яғни, зат алмасу процесінің бұзылатынын жеткізді. Бұл тарапта тышқандарға жүргізілген тәжірибе нәтижелері де ғалымдардың бұл гипотезасын растады. Дәлірегі, сау тышқан мен ерте кезінде жарақат алған тышқанның липидтерінің метаболизімінде едәуір айырмашылық байқалған. Ғалымдар мұнымен ғана шектеліп қалмай зардап шеккен тышқанның қанын сау кеміргішке құйған, нәтижесінде екекуінің де ұрпағы белгілі бір ақаумен өмірге келген. Қан стрестік сигналды жыныстық жасушаға берген. Тышқан бойындағы бұл процесте маңызды рөл атқаратын PPAR рецепторын жасанды жолмен белсендірген кезде тышқанның салмағы кеміп, глюкоза метаболизмі бұзылған болатын. Мұндай эффектінің адамның бойында да бар-жоғын тексеріп көру үшін ғалымдар Пәкістанның ауылдық жерінен ата-анасынан айырылған 25 баланың қаны мен сілекейіне сараптама жасаған екен. Ата-анасы бар балаларға қарағанда жетім балалардың липидтік метаболизмінің бұзылғанына куә болды. Күллі әлем бойынша бүгінгі таңда балалардың төрттен бірінен көбі зорлық-зомбылыққа, қатыгездікке, т.б. ұшыраған. Бұл жайт өз кезегінде болашақта туабітті созылмалы аурулардың пайда болуына алып келмек.

imageimage

imageimage

imageimage

0 пікір
Мұрағат