Беті бері қарамайтын 4 науқасқа «елес тудыратын» саңырауқұлақты тұтынуға рұқсат етілді
Беті бері қарамайтын 4 науқасқа «елес тудыратын» саңырауқұлақты тұтынуға рұқсат етілді
4 жыл бұрын 3613 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Канаданың денсаулық сақтау министр Пэтти Хайду қатерлі ісіктің ем қонбайтын түрінен зардап шегетін төрт науқасқа псилоцибиндік (галлюциногендік) саңырауқұлақты тұтынуға рұқсат етті. Бұл дәрі-дәрмек пен дәрілік заттарды бақылауға қатысты заңнан тысқары рұқсат етілген айрықша жағдай. Психоделилік саңырауқұлақты тұтынуға рұқсат ету галлюциналық саңырауқұлақтың белсенді ингредиентімен емдеуді білдіреді. Аталмыш затты қолдануға Канада заңнамасымен тыйым салынған. Тек зерттеу жұмыстарында пайдалануған рұқсат етілген. Психоделилік емдеуді құптайтын TheraPsil коммерциялық емес ұйым келтірген дерек пен мамандардың уәжіне қарағанда, псилоцибті обырға шалдыққан науқас тұтынса, жанына батқан дерттен, мазасыздық пен уайымнан, күйзелістен ұзақ уақытқа арылады. Галлюциналық саңырауқұлақтың құрамында адамның психикасына әсер ететін зат бар, ол санаға әсер етіп, адамның көңіл күйіне ықпал етеді. Ықылым заманда оны діни, магиялық (сиқыр) жоралғыларды өткізуге пайдаланған. Осыдан 9000-3000 жыл бұрын Африкада, Мысырда, Үндістанда адамдардың оны жоғарыда аталған себептер бойынша қолданғанын археологиялық қазбалар дәлелдеп беріп отыр.  Десе де оның салдары қауіпті. Тек адамның психикасына ғана емес, сонымен қатар, денсаулығына да қатерлі. Тіпті, бір рет тұтынудың өзі адамның өмірін өзгертіп жібере алады.

0 пікір
Мұрағат