Естелікті сақтауға көмектесетін жасанды ми жасушасы жасалды
Естелікті сақтауға көмектесетін жасанды ми жасушасы жасалды
3 жыл бұрын 1306 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Ғалымдар естелікті миллисекундқа сақтайтын синтетикалық ми жасушасының негізгі бөлігін жасады. Бұл жетістік өз кезегінде адам миы секілді жұмыс істейтін компьютер жасауға септігін тигізбек. Бұл жайында islam.kz порталы livescience.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Жасанды ми жасушасын моделдеу үшін ғалымдар қуатталған бөлшекті – ионды пайдаланған болатын. Олар ақпаратты нейрондар арасында миға беретін электр сигналы тәрізді әрекет етеді. Ғалымдардың айтуынша, осы заманғы компьютерлер ақылға сыймайтын нәрселер жасай алғанымен ол көп энергияны қажет етеді. Оған қарағанда адам миы тиімді: күн бойы жұмыс істесе де ол энергияның ең аз мөлшерін ғана қажет етпек. Мұндай тиімділіктің түп-төркіні, яғни, себебі әлі де толық зерттелмеген – соған қарамастан ғалымдар миға ұқсас компьютер жасауға бел буып отыр. Оның бір тәсілі – мидың биологиялық тетігін жасау үшін ми электр өндірерде арқа сүйейтін қуатталған бөлшекті, яғни, ионды пайдалануды көздеп отыр. Париж қаласындағы (Франция) ұлттық ғылыми зерттеу орталығының ғалымдары нейрондар миға ақпарат беруде пайдаланатын электр сигналдары секілді сигналды өндіретін жасанды нейрондардың компьютерлің моделін жасап шығарды – шынайы ион каналдарын имитациялайтын жіңішкелеп аққан су арқылы ионды жөнелтіп, электрді өндіре алған. Осылайша ғалымдардың талпынысы текке кетпеді: мидың негізгі қызметі болып табылатын нейрондар генерациялайтын электрлік белсенділікті артуын – әрекет («спайк») әлеуетін генерациялау процесін имитациялайтын жүйе жасай алды. Әрекет ету әлеуетін генерациялау үшін нейрондар жасуша ішіндегі теріс иондарға тартылатын оң иондарды көптеп жіберетін болады. Электр әлеуеті немесе жасуша мембранасы арқылы пайда болатын кернеу «жасуша есігін» ашуға мәжбүрлейді, бұл жайт өз кезегінде қуатты (заряд) арттырады - бірнеше миллисекунд ішінде қалыпты жағдайға оралмайынша қуатты арттыра береді. Содан соң  сигнал өзге жасушаларға беріледі – осылайша ақпараттың миға жетуіне ықпал етпек. Алдын ала жасалған моделде ғалымдар мұндай жадыны тіркеді – ақпаратты аз уақытқа сақтай алған. 

0 пікір
Мұрағат