Ғалымдар найзағайды басқару тәсілін тапты
Ғалымдар найзағайды басқару тәсілін тапты
3 жыл бұрын 2936 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Халықаралық ғалымдар тобы найзағайдың траекториясын, яғни, бағытын өзгертуге, басқаруға мүмкіндік беретін лазер ойлап тапты. Бұл жайында islam.kz ақпарат көзі Nature Communications мерзімді басылымында жарияланған осы тараптағы ғылыми мақалаға сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Австралияның ұлттық университетінің (ANU) және Канбердегі UNSW ғалымдары электр қуаты жиналатын тегіс парралелді пластиннің жұбын пайдаланған. Физиктер лазермен бағытталған графен бөлшектерін ток өткізгіш моделде қолданып көрген екен. Лазерлік сәуленің көмегімен ауаны ысыту арқылы онда пайда болатын өткізгіштік қасиеті жоғары канал жай отын (найзағай) тартады. Лазерлік сәулемен ысытылған микробөлшектер электр қуатын өткізгіштік қасиеті жоғары каналдың өн бойынан өткізеді.  Ғалымдар осылайша найзағайды нақты бір бағытқа бұра алады. Бұл жаңалық несімен бағалы немесе пайдалы? Ең алдымен ауадағы электр қуатының жолын бақылауға мүмкіндік береді. «Қолға үйретілген» электр қуатын ауа райын қолайлы басқаруға да, сондай-ақ, медицина мен өнеркәсіпте қолдануға да болады.

0 пікір
Мұрағат