Ғалымдар құрғақ су ойлап тапты
Ғалымдар құрғақ су ойлап тапты
8 жыл бұрын 5055 ҚазАқпарат

Жаһандық жылымықпен күрес жобасы аясында Ұлыбритания ғалымы өзінің ашқан  жаңалығы- ұнтақ түріндегі суды ұсынды. 

Оның пікірінше, бұл қоршаған ортаны бүлдірумен күресте тиімді құрал болуы тиіс. Аталған зерттеу жұмысы алғаш рет АҚШ-тағы ғылыми көрмеде көрсетілді. Ол екі компоненттен тұралы: су және кремнезем (кремнийдің оттегімен қосындысы). Екінші компоненттің аздығына қарамастан (5% жуық), зат ұнтақ түрінде болып шықты. 

Зерттеушілер тобының жетекшісі Бен Картердің айтуынша, «құрғақ су» кәдімгі судан бірнеше есе тәуір. Оның үстіне бірнеше газ түрін бойына сіңіре алады. Сондай-ақ өзге араластырылмайтын сұйықтықтармен де біріктіруге болады. Яғни, осы жаңалықты қауіпті заттарды тасымалдауда неге қолданбасқа. Бұл қоршаған ортаның қорғауда пайда әкелері сөзсіз, деп жазады billionnews.ru.

1 пікір
Мұрағат