Ғалымдар толық әлде арық адамдардың қайсысының ұзағырақ өмір сүретінін анықтады
Ғалымдар толық әлде арық адамдардың қайсысының ұзағырақ өмір сүретінін анықтады
6 ай бұрын 750 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Жапон ғалымдары орташа есеппен алғанда арық адамның немесе толық адамның қайсысы ұзағырақ өмір сүретінін анықтады. Бұл жайында islam.kz порталы Nikkei Asian Review ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Семіздікті емдеу жөніндегі күншығыс елінің қауымдастығы пайымдағандай, адам бойында кез-келген аурудың даму қаупі ең төмен дене салмағының мына индексіне – 22-ге сай келеді есептейді. Дене салмағының индексі салмақ пен бойдың арақатынасы ретінде есептелетінін ескеріңіз: салмақ (келі) шаршыдағы биіктікке (м) бөлінеді. Түсінікті тілмен айтқанда, арық адамды ауру айналдырмайды немесе арық адамдардың ауруға шалдығу қатері өте төмен. Десе де салмақ пен ғұмыр ұзақтығы арасында қандай байланыс бар немесе түзіледі? Бұл тарапта зерттеушілер табаны күректей он жыл бойы орташа жасы 40-тың ар жақ, бер жағындағы 350 мыңға тарта жапонды қадағалай келе бірқатар гипотезаны тексеріп көрген екен, атап айтқанда:

-        Қалыпты салмақтағы адамдарда өлім қаупі ең төмен;

-        Стандартты салмағынан сәл төмен адамдарда өлім қаупі ең төмен;

-        Стандартты салмағынан сәл жоғары адамдарда өлім қаупі ең төмен.

Үшінші гипотеза рас болып шықты. Яғни, әйелдерде өлімнің ең төмен қаупі - BMI 23-24,9, ал ерлерде - 25-26,9 дене салмағының индексінде болған. Басқаша айтқанда, өлім қаупінің ең азы салмағы нормадан сәл жоғары адамдарда тіркелген. «Юсекай» медициналық корпорациясының жетекшісі Жун Сасакидің айтуынша, қартайған адамға көбірек тамақтану керек. Тоқетері, жасы ұлғайған адамның артық салмақ қосқаны жөн. Осылай деген ол адам артеросклероз ауруына шалдығу қаупін тудыратындықтан артық салмақ қосудан қорқады. Алайда, аталмыш ауру адамның жасы ұлғайған сайын пайда болатын ауру болғандықтан егде жаста мұндай аурудың алдын алу үшін тамақтан тартынғаны еш маңызы жоқ.

0 пікір
Мұрағат