Жасы ұлғайғанда перзент сүйгісі келетін ер адамнан ұрпағына берілетін мутация қатері жоғары
Жасы ұлғайғанда перзент сүйгісі келетін ер адамнан ұрпағына берілетін мутация қатері жоғары
3 жыл бұрын 2258 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті. Алғашқы сөйлемнен кейін қойылуы тиіс сілтеме

Ер адам ұлғайған жасына қарамастан перзент сүю мақсатында әйелімен жақындасса, бұл жайт ұрпағына берілетін мутацияның артуына алып келмек. Бұл жайында islam.kz порталы science.sciencemag.org ақпарат көзіне сілтеме асай отырып мәлім етеді. Яғни, &nbsp (аралық) артқан сайын гендік мутация ұрпағына беріліп, дімкәс баланың өмірге келу қатері жоғарылайды. Биологтер бұл гипотезаны шимпанзе маймылына тәжірибе жасап тексеріп көрген екен. Ер адамның жасы ұрпағына берілетін мутация санынан да білінеді. Яғни, әр жас қосылған сайын ер адамның ұрпағына беретін мутациясына да арта түседі. Шимпанзе гендік мутацияның 90%-ын әкесінен, ал қалған 10%-ын анасынан алған. Ал адамда бұл көрсеткіш әкесі жағынан 70%-ды, ал анасы жағынан 30%-ды құраған. Асы ұлғайған әкенің ұрпағына беретін мутация сынан анықтау үшін ғалымдар маймылдың және оның баласының генін секвенирлеп, нәтижелерін салыстырған болатын. Осы орайда оқырманға түсінікті болу үшін генді секвенирлеу әдісі туралы азды-кем ақпарат бере кетеміз: Биополимерді (ақуыздық және нуклеиндік қышқыл – ДНҚ және РНҚ) секвенирлеу – олардың аминдік немесе нуклеиндік қышқылының тізбектілігін анықтау. Адам мен маймылдың сперматозоиды өмір бойы қалыптасып отырады. Осыған байланысты жас ұлғайған сайын түрлі қателік жиілігі арта бермек. Нәтижесінде бұл процесс барысында пайда болған мутация ұрпағына «дайын» күніде дариды. 

Ұқсас материал:

«Кеш әке атанудың қасіреті мен қатері қандай?» (https://islam.kz/kk/news/arturli/kesh-ake-atanudyn-qasireti-men-qateri-qandai-8818/#gsc.tab=0);

"Шала туған ұл балалар басқаларына қарағанда ерте қартаяды" (https://islam.kz/kk/news/gylym/shala-tugan-ul-balalar-basqalaryna-qaraganda-erte-qartayady-15243/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат