"Демографиялық жанталас": «Ана капиталына» енді «Әке капиталы» қосылады
"Демографиялық жанталас": «Ана капиталына» енді «Әке капиталы» қосылады
3 жыл бұрын 2665 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті. Алғашқы сөйлемнен кейін қойылуы тиіс сілтеме

Халық саны жылдан жылға кеміп келе жатқан, пандемия жығылғанға жұдырық болып онсыз да кері кеткен демографиялық ахуалын одан ары нашарлатқан Ресей Федерациясының билігі балалы отбасыларын қолдаудың кешенді бағдарламаларын, ұлттық жобаларын жан-жақты сүзгіден өткізіп, толықтырып келеді. Осыған байланысты Ресейдің қоғамдық палата тарапынан балалы отбасыларға бірыңғай қолдау жүйесін құру қажеттілігі айтылып жатыр. Бұл жайында islam.kz порталы islamnews.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Қоғамдық палатаның демография жөніндегі комитетінің жетекшісі Сергей Рыбальченко «Демография» деп аталатын ұлттық жобаны «Көп балалы ел» жобасымен толықтыруды ұсынып отыр. Соның ішінде ана капиталына әке капиталы үшін 639,4 мың рубл мөлшерінде жәрдемақыны енгізуді көздеп отыр. Ал бұрыннан бар ана капиталындағы қаражаттың қолданылу мақсаттарын кеңейту мәселесі қарастырылып жатыр. Бұдна бөлек, аталмыш палата өкілдері әр бала үшін кәмелет жасына, яғни, жасы 18-ге толғанша ай сайын 2,5 мың рублден төлеуді қажет деп санайды. Бұл айтылғандардың бөлек, үшінші және одан кейін өмірге келген балаларға үш жасқа дейін ата-анасының табысына қарамастан жәрдемақы төлеу мәселесі де қарастырылуда. Мұнымен ғана шектеліп қалмай, отбасындағы балалар санына қарай сол үйде жұмыс істейтіндердің жалақысынан ұсталып қалатын салық мөлшері азайтылуы мүмкін. Ал бес және одан да көп балалы отбасылардан салықты мүлдем алып тасталуы керек, деп есептейді. Ал біздегі жағдай Ресейдегі бұл тараптағы кешенді шаралармен салыстыруға келмейді. Осы орайда Stan.kz ақпарат көзінің мына материалын төменде келтіре кетуді жөн көрдік:

2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап көп балалы аналарға берілетін жәрдемақы мөлшері артты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

2021 жылдан бастап бірінші немесе үшінші баланың туылуына берілетін бір реттік мемлекеттік жәрдемақы республикалық бюджет есебінен жұмыс істейтін және жұмыс істемейтін әйелдерге төленеді. 

  • бірінші, екінші, үшінші балаға – 38 АЕК немесе 110 846 теңге;
  • төртінші және одан кейінгі балаларға – 63 АЕК немесе 183 771 теңге.

Ал отбасында егіз, үшем, төртем дүниеге келсе, біржолғы мемлекеттік жәрдемақы әр сәбиге жеке-жеке төленеді. 

Жұмыс істемейтін әйелдерге бала бiр жасқа толық толғанға дейiн төленетін ай сайынғы төлем:

  • бірінші балаға – 5,76 АЕК немесе 16 802 теңге;
  • екінші балаға – 6,81 АЕК немесе 19 865 теңге;
  • үшінші балаға – 7,85 АЕК немесе 22 899 теңге;
  • төртінші және одан кейінгі балаларға – 8,90 АЕК немесе 25 962 теңге.

"Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен марапатталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен марапатталған көп балалы аналарға аналарға табысына қарамастан төленетін ай сайынғы жәрдемақы да өсті:

график

Атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) табысы аз отбасыларға, соның ішінде көпбалалы отбасыларға төленетін болады. Ең төмен күнкөріс деңгейінің 70%-ы тағайындаудың шекті критерийі болып қала береді. Егер еңбекке қабілетті отбасы мүшесі ұсынылған жұмыстан және жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларынан бас тартса, онда АӘК төлемі тек оған ғана емес, бүкіл отбасына да тоқтатылады.

Табысы аз отбасылардан шыққан балалар үшін кепілдендірілген әлеуметтік пакетті енгізу ұсынылады. 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды азық-түлік жиынтығымен және гигиеналық құралдармен, 6 жастан 18 жасқа дейінгі балаларды мектептерде ыстық тамақпен, оқу құралдарымен және мектеп киімімен қамтамасыз етеді, сондай-ақ оларға мектепке дейінгі жол жүру шығындары өтеледі. 

Медициналық, оның ішінде стоматологиялық көмек 18 жасқа дейінгі балаларға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде көрсетілетін болады.

0 пікір
Мұрағат