Кәрілікті тежейтін екі түрлі дәрі жасалды
Кәрілікті тежейтін екі түрлі дәрі жасалды
3 жыл бұрын 6567 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

1. Жапондар нұсқасы

Жапон ғалымдары қартаю процесін тежеп, организмді жасартатын дәрі тапты. Бұл жайында islam.kz порталы «Жаңалықтар» ресейлік ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталған дәріні бес-алты жылдан кейін қолдануға болатынын жеткізді Токио университетінің медицина ғылыми-зерттеу институтының профессоры Макото Наканиси. Жас ұлғайған сайын адам ағзаларында қабыну процесін тудыратын жасушалар жинала береді. Мұндай жасушалар арасында кәрілік жасушасы немесе сенесцентті жасуша да бар. Дәл осы жасуша уақыт өте келе бөліну қабілетінен айырылып, ағзаларда жиналып, қартаю процесіне жол ашады. Жоғарыда аты аталған ғалымның айтуынша, осы жасушаны жойса,организмдегі қабыну процесін тоқтатып, кәрілік симптомдарын жақсартуға болады.  Аталмыш зерттеу барысында анықталғандай, қартая бастаған жасуша глутаминді (ақуыз құрамындағы 20 аминдік қышқылдың бірі) глутамин қышқылына айналдыратын GLS1 ферментіне зәру болады. Осылайша осы ферменттің ингибиторын пайдаланса, кәрілікке бастайтын жасушаны жоюға болады. Бұл тарапта кеміргішке жүргізілген тәжірибе оңды нәтиже бергенін де айта кету керек.

2. Америкалықтардың нұсқасы

Америкалық ғалымдар организмдегі қартаю процесін тежейтін дәріні адамдарға қолданып, сынақтан өткізіп жатыр. Бұл жайында islam.kz порталы «Жаңалықтар» ресейлік ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталған дәрі кәрілікке тән синдромдар мен симптомдарды жойып, бұлшық еттің тартылуына, ми қызметінің жақсаруына ықпал етеді. Ғалымдар табаны күректей жиырма жыл бойы адамдар мен тәжірибедегі тышқандардың табиғи жолмен қартаю процесін қадағалап, зерделеген екен. Зерттеу нәтижесі организмнің қартаюдан қорғайтын негізгі тетік белгілі болды: майды және тағам құрамынан бөлінген қантты өртеу арқылы энергия істеп шығаратын митохондрияны балғын қалпында сақтаудың маңызы зор болып шыққан. Осы тұста митохондрия туралы ақпаратты мына сілтемеден біле аласыздар:  https://islam.kz/kk/news/gylym/adam-organiziminin-en-ystyq-nuktesi-anyqtaldy-14779/#gsc.tab=0 («Адам организімінің ең ыстық нүктесі анықталды» - islam.kz). 

Митохондрия энергия істеп шығарғанда еркін радикал түрінде қалдық бөледі. Бұл қалдық – антиоксидант болмаған жағдайда ДНҚ-ны, мембрананы, липидті, ақуыздарды, жасушаларды зақымдайтын аса күшті реактивті молекулалар. Жасушалар улы радикалдарды залалсыздандыру үшін пайдаланатын антиоксидант «глутатион» деп аталады. Жасы ұлғайған адамдарда глутатион деңгейі жастарға қарағанда төмен болып келеді, осыған байланысты митохондрияның қышқылдану стресіне ұшырау мен митохондрияға ақау түсу қатері жоғары болады. Ғалымдар осы деректің қаперге ала отырып, GlyNAC дәрісін жасады. Ол глицин мен N-ацетилцистеин (NAC) комбинациясынан тұрады. Химиялық реакцияға ұшыраған кезде бұл екеуі де глутатионды қалыптастырады. 

Таяуда GlyNAC дәрісін адамдарға қолданып, сынап көрді. Ғалымдар тәжірибеге өз еркімен қатысқан 70-80 жас аралығындағы қарттарға 24 апта бойы GlyNAC дәрісін берген. Содан жасы 21-30 аралығындағы жастардың организімімен салыстырып көрген. Ғалымдар глутатионды қызыл қан жасушаларында өлшеп көрген, бұдан бөлек,  митохондриялық қышқылдану деңгейін, қышқылдану стресінің плазмалық биомаркерін өлшеп, зақымдану мен қабынуға, эндотелиалды функцияға, глюкоза мен инсулин құрамына, бұлшық ет күшіне, жүріс-тұрысының ширақтығына, жұмысқа қабілетіне назар аударған, сондай-ақ, конгнитивтік тест өткізіп, глюкозаны істеп шығару жылдамдығын тексерген. GlyNAC дәрісін қабылдамай тұрғанда қарттар мен жастардың бойындағы бұл параметрлердің бір-бірінен едәуір айырмашылығы болған. Ал аталған дәріні 24 апта бойы қабылдағаннан кейін қарттардың бойынан жоғарыда аталған параметрлер көп жақсарған. Тіпті, кейбіреулерінің параметрлері жастардың деңгейіне дейін жеткен. Ғалымдар 12 аптадан соң дәріні қабылдауды тоқтатқан қарттардың бойынан дәрінің әсері тарқап, бастапқы қалпына келгенін анықтаған. Соған қарамастан ғалымдар бұл дәріні денсаулыққа зияны болмағандықтан қарттар организмін сергек қалпында ұстап тұру үшін пайдалануға болатынын алға тартып отыр.

0 пікір
Мұрағат