Құрғақшылық жайлағанда астық түсімін арттыратын тиімді тәсіл табылды
Құрғақшылық жайлағанда астық түсімін арттыратын тиімді тәсіл табылды
1 жыл бұрын 1281 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Мамандардың айтуынша, бұл әдіс адамзатқа бұрыннан белгілі және егін өсірудің ең көне әдістерінің бірі. Бұл жайында islam.kz порталы Science Alert ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Морган Руел есімді Кларк университетінің эколог-ғалымы Қап тауы, Грекия және Африка құрлығындағы дәнді дақылдарды өсіру шаруашылығын зерттей келе ауа райы жағдайына қарамастан мол өнім алудың таңғажайып әдісін ашты. Бұл әдіс адамзатқа бұрыннан белгілі болғаны атап өтіледі. Ол шамамен үш мың жыл бойы қолданылған және егін өсірудің ең көне әдістерінің бірі болған сияқты. Оны бүгінгі күні бірнеше үй шаруашылықтары пайдаланады және ешқашан өнеркәсіптік ауқымда қолданылмайды. Аталмыш әдіс дақылдардың қоспасын отырғызудан тұрады: бидай, күріш, қара бидай, тары және т.б. Олардың барлығы пісіп-жетілу үшін түрлі жағдайларды талап етеді, яғни, ауа-райы қандай болса да өнім бәрібір сақталады. Ғалымдар бұл әдісті сынап көрді және оның құбылмалы жағдайларға қарамастан тұрақтылықты қамтамасыз ететінін анықтады. Әр маусымда қоспаның құрамын өзгерту арқылы фермерлерге климаттың өзгеруіне қарсы сақтануына мүмкіндік береді. Жаһандық жылынуға байланысты орын алған климат өзгерісінен астық түсімі ортайып барады. Мәселен, Австралияда дәнді дақылдардың өнімділігі небәрі 15 жылда (1990−2015 ж.) 30%-ға төмендеді. Мұндай қоспаның климатқа төзімділігінен басқа басқа артықшылықтар белгіленді. Ғалымдар қоспада дақылдардың әрқайсысы көбірек өнім беретінін алға тартып отыр. Сонымен қатар, біріктірілген тұқым өзі өсетін экожүйеге жақсы әсер етеді, сонымен қатар, зиянкес жәндіктерге жөпшеңді бой алдырмайды, яғни, төзімді келеді.

Ұқсас материалдар:

«Құрғақшылыққа төзімді ету үшін өсімдіктердің метаболизмін өзгертпек» (https://islam.kz/kk/news/gylym/qurgaqshylyqqa-tozimdi-etu-ushin-osimdikterdin-metabolizmin-ozgertpek-14307/#gsc.tab=0);

«Өсімдіктің құрғақшылыққа қалай қарсылық көрсететіні (тетігі) анықталды – астық түсімін арттыратын жаңалық» (https://islam.kz/kk/news/gylym/osimdiktin-qurgaqshylyqqa-qalai-qarsylyq-korsetetini-tetigi-anyqtaldy-astyq-tusimin-arttyratyn-janalyq-16453/#gsc.tab=0);

«Аптап ыстыққа төзімді бидай шығарылды» (https://islam.kz/kk/news/madeniet/aptap-ystyqqa-tozimdi-bidai-shygaryldy-13540/#gsc.tab=0);

«Бидайдан гөрі жаһандық жылынуға төтеп беретін астықты өсімдік» (https://islam.kz/kk/news/gylym/bidaidan-gori-jahandyq-jylynuga-totep-beretin-astyqty-osimdik-14713/#gsc.tab=0);

«Өсімдіктің суды үнемдеуіне мүмкіндік беретін тың тәсіл табылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/osimdiktin-sudy-unemdeuine-mumkindik-beretin-tyn-tasil-tabyldy-15051/#gsc.tab=0);

«Өсімдіктірдің аптап ыстыққа төтеп беруіне көмектесетін бактерия табылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/osimdiktirdin-aptap-ystyqqa-totep-beruine-komektesetin-bakteriya-tabyldy-15017/#gsc.tab=0);

«Астық немесе жеміс түсімін арттыратын биометан жасалды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/astyq-nemese-jemis-tusimin-arttyratyn-biometan-jasaldy-16402/#gsc.tab=0);

"ГМО өсімдік климат дағдарысынан құтқарады" (https://islam.kz/kk/news/arturli/gmo-osimdik-klimat-dagdarysynan-qutqarady-16401/#gsc.tab=0) 

0 пікір
Мұрағат