Өсімдіктің суды үнемдеуіне мүмкіндік беретін тың тәсіл табылды
Өсімдіктің суды үнемдеуіне мүмкіндік беретін тың тәсіл табылды
3 жыл бұрын 3681 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Австралия мен Германия ғалымдары өсімдікті құрғақшылыққа төзімді етіп, аптап ыстыққа төтеп беруіне көмектесетін молекуланы тапты. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған Nature Communications мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Белгілі болғандай, ол адам мен сүтқоректілердің аса маңызды тежегешті нейромедиатор болып шықты. Осы орайда нейромедиатордың не екеніне қысқаша тоқтала кетпекпіз: нейромедиатор – жүйке жасушалары істеп шығаратын биологиялық белсенді химиялық зат. Тежеуші нейромедиатордың арасында адам мен сүтқоректілердің орталық жүйке жүйесінде кездесетін гамма-аминді май қышқылы маңызды саналады.Австралиядағы Уэйт зерттеу институты мен Германиядағы Вюрцбург университетінің ғалымдары анықтағандай, органикалық қосынды әрі аса маңызды нейромедиатор болып табылатын гамма-аминді май қышқылы өсімдік организімінде де кездескен. Адам мен жануарда аталмыш молекула орталық жүйке жүйесінің тежегіш медиаторының релаксация процестерімен (әлсіреу, босаңсу) байланысты болып келеді. Ал өсімдік организімінде нақты қандай қызмет атқаратыны толық белгілі емес. Бір белгілісі, ол өсімдік бойында стресті жағдайлардан кейін жиналады. Австралиялық және неміс ғалымдары көз жеткізгендей, ол өсімдік жапырағындағы «тері» тесігінің көлемін басқарып, бақылай алады – бұл өз кезегінде құрғақшылық кезінде ылғалды сақтауға көмектеседі. Гамма-аминді май қышқылы өсімдік бойында неғұрлым көп жиналса, соғұрлым жақсы – ылғалды мейлінше үнемдеуге мүмкіндік бермек. Ғалымдардың бұл жаңалығы жаһандық жылыну дәуірінде астықты өсімдіктердің түсімін арттыруға мүмкіндік бермек. Осылайша әлемдегі азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге орасан зор септігін тигізеді.

Динамика открытия и закрытия устьиц растений под воздействием света и темноты / ©www.nature.com

 

Өсімдік стоматаларының жарық пен қараңғылық әсеріне қарай ашылуы мен жабылуы / ©www.nature.com

Ұқсас материалдар:

«Өсімдіктірдің аптап ыстыққа төтеп беруіне көмектесетін бактерия табылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/osimdiktirdin-aptap-ystyqqa-totep-beruine-komektesetin-bakteriya-tabyldy-15017/#gsc.tab=0);

«Құрғақшылыққа төзімді ету үшін өсімдіктердің метаболизмін өзгертпек» (https://islam.kz/kk/news/gylym/qurgaqshylyqqa-tozimdi-etu-ushin-osimdikterdin-metabolizmin-ozgertpek-14307/#gsc.tab=0);

«Күріш революциясы» (https://islam.kz/kk/news/alem/kurish-revolyutsiyasy-11122/#gsc.tab=0);

«Аптап ыстыққа төзімді бидай шығарылды» (https://islam.kz/kk/news/madeniet/aptap-ystyqqa-tozimdi-bidai-shygaryldy-13540/#gsc.tab=0); 

«Бидайдан гөрі жаһандық жылынуға төтеп беретін астықты өсімдік» (https://islam.kz/kk/news/gylym/bidaidan-gori-jahandyq-jylynuga-totep-beretin-astyqty-osimdik-14713/#gsc.tab=0)  

0 пікір
Мұрағат