Қытайда жарқыраған маймыл пайда болды (фото)
Қытайда жарқыраған маймыл пайда болды (фото)
6 ай бұрын 1150 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Гені түрлендірілген маймылдың миынан бастап, саусағына дейін жарқырайды. Бұл жайында islam.kz порталы hi-tech ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Қытай ғылым академиясының ғалымдары өзгеше тәжірибе жүргізе келе ерекше мақұлықтың пайда болуына ықпал етті. Ғалымдар Маймылдан ұрықтың діңгекті жасушаларын алып, екі ДНҚ жиынтығы бар жануарды жасанды түрде өсіруге болатын-болмайтынын білу үшін оларды бір түрдің ұрығына енгізіп көрді. Нәтижесінде аналық маймыл толыққанды еркек маймылды дүниеге әкелді, оның миының 92%-ы, денесінің 67%-ы бөтен жасушалардан тұрды. Жасыл флуоресцентті ақуыз (маймылдың дамуына ықпал еткен генетикалық материал) бұл бағыттағы айрықша тәжірибенің сәтті өтуіне көмектесті. Яғни, сол 67% бөтен жасушалар жарқырап тұрады. Жарқыраған жасыл ұлпа миынан, саусақтарынан, бүйрегінен, бауырынан, жүрегінен және асқазан-ішек жолдарынан көрінді. Тіпті, маймылдың көздері де жасылдау реңкке ие болды. Өкінішке қарай, маймыл бар болғаны 10 күн ғана өмір сүрді, өйткені, оның тыныс алу жолдарынанн табылған еді. Мұндай зерттеудің мақсаты адамдардың қандай да бір ауруға бейімділігінің және созылмалы ауруларға ұшырау қатерінің алдын алуға саятын.

​   ​зеленая обезьяна

Фото: Китайская академия наук

0 пікір
Мұрағат