Шағын болғанымен қуаты жоғары лазер әзірленді
Шағын болғанымен қуаты жоғары лазер әзірленді
10 ай бұрын 697 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Alireza Marandi / phys.org

Нью-Йорктегі ASRC зерттеу орталығының ғалымдары фотоникалық наночиптерде өнімділігі  жоғары лазердің прототипін жасады. Бұл жайында islam.kz порталы Science мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Физиктердің жұмысы бірнеше фемтосекунд аралықтарында (секундтың 10-нан -15-ші дәрежесіне) когерентті жарықтың ультра қысқа импульстерін шығаратын режимді, құлыпталған лазерлерді барынша шағын етуге бағытталған. Бұл құрылғылар химиялық байланыстар орын алған кезде молекулалық байланыстардың қалай пайда болатынын немесе турбулентті ортада жарықтың қалай таралатыны сияқты өте шапшаң процестерді зерттеу үшін пайдалы. Ғалымдар сыртқы электрлік сигналды қолдану арқылы лазерлік импульстарды тиімді жасап, басқара алатын жұқа қабықшалы литий ниобатын (TFLN) пайдаланды. TFLN толқын ұзындығы шамамен 1065 нанометр және жиілігі 10 гигагерц болатын 4,8 пикосекундқа созылатын оптикалық импульстарды тудыратын миниатюралық лазер жасау үшін III-V жартылай өткізгішті оптикалық күшейткішпен біріктірілді. Құрылғының ең жоғары шығыс қуаты 0,5 ватттан асады. Фотоникалық наночип лазерлері болашақта қалта телефондарда көз ауруларын анықтау немесе жұқпалы қоздырғыштарға қатысты тағамды сынау сияқты медициналық қосымшалар үшін пайдаланылуы мүмкін

0 пікір
Мұрағат