Су өткізбейтін айрықша материал жасалды: ол айлар бойы құрғақ күйінде қалады (видео)
Су өткізбейтін айрықша материал жасалды: ол айлар бойы құрғақ күйінде қалады (видео)
8 ай бұрын 1266 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Ғалымдардың гидрофобты материалды жасауына суастында тіршілік ететін өрмекші себеп болған. Әлемге әйгілі Гарвард мектебінің инженерлік және қолданбалы ғылым зерттеушілері ылғалды сіңірмейтін, ай бойы су астында құрғақ күйінде қалатын инновациялық металл ойлап тапты. Бұл жайында islam.kz порталы hi-tech ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді.

Төмендегі таспаға тартылған көріністен материалға құлған тамшының материал бетінде шашырап кетпей, кері серпілгенін байқайсыз:

Металл пластинаны толығымен суға батырсаңыз, пластинаның айналасында ауа қабаты пайда болады, ол металды 200 күннен аса құрғақ ұстай алады:

Инженерлер осылайша кеуекті беті бар металды ауадан қорғайтын қалқан жасай алды. Металдың гидрофобтылығы, яғни, су өткізбейтін қасиеті пластинаны майыстырғаннан, қыздырғаннан, салқындатудан немесе құммен және болатпен сүрткеннен кейін де сақталды. Мұндай ғажайып материалды медицина саласында биомедициналық құрылғыларды әзірлеуде пайдалануға болады. Бұдан бөлек, оны суастынан тартылатын құбырды жасауда да пайдалануға болады.

0 пікір
Мұрағат