Тек электрмен жанатын отын жасалды
Тек электрмен жанатын отын жасалды
8 ай бұрын 1235 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Бұл жаңалық өз кезегінде отынды тасымалдауда және сақтауда электрден өзге қандай да бір ықтимал көзден тұтанып, жанып кетуден қорғайды. Бұл жайында islam.kz порталы pubs.acs.org ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, Риберсайд штатындағы Калифорния университетінің химиктері электр тогы әсер еткенде ғана тұтанатын отын ойлап тапқан. Ол оттан немесе оның ұшқыны мен жалынынан тұтанбайды, сондықтан сақтау немесе тасымалдау кезінде кездейсоқ өрттің шығу қатері жоқ. Отын жанған кезде сұйықтықтың өзі жанбайды. Оның орнына сұйықтықтың үстінде қалқып жүрген ұшпа отын молекулалары оттегімен және жалынмен байланысқан кезде тұтанады. Оттегі көзін жою арқылы жалынды сөндіруге болады, алайды, ғалымдар мұны қозғалтқыштан тыс жерде жүзеге асыру қиын екенін алға тартып отыр. Жануды бақылау немесе реттеу үшін буды басқарудың өзі жеткілікті. Жаңа отынның негізі сұйытылған тұздың бір түріне жататын иондық сұйықтықтан тұрады. Ол натрий хлоридіне (ас тұзына) ұқсас, алайда, оның балқу температурасы да, бу қысымы да төмен болып келеді және органикалық қосылыс ретінде алға шығады. Зерттеушілер хлорды перхлоратпен алмастырып, ионды сұйықтықтың формуласын өзгертті. Бұл тараптағы бірқатар тәжірибе нәтижесінде отынның сұйықтықтың алауынан немесе жалынынан тұтанбайтынын көрсетті. Сұйықтыққа ток кернеуін беру арқылы ғалымдар отты жаға алған.

Отынның жануын реттеу циклі. Кескін:  Prithwish Biswas, J. Am. Chem. Soc.

(ықшамдалып алындыред.) 

0 пікір
Мұрағат