Тер мен өлі бактериялардан энергия өндіру жолы табылды
Тер мен өлі бактериялардан энергия өндіру жолы табылды
2 жыл бұрын 1556 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Массачусет университетінің ғалымдары денедегі тердің булануынан қорек алатын датчик жасады. Бұл жайында islam.kz порталы hi-tech ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Инженерлер тердің әсерінен экологиялық энергия істеп шығаратын, G. Sulfurreducens дп аталатын микробтың белгілі бір түрін тапты. Тұзды су буланғанда бұл электр қуаты қағаз парағының көлеміндей портативті сенсорларға қуат береді. Ғалымдар бактерияларды микроскопиялық сымдармен «байланыстыруға» қол жеткізді, осылайша олар бір үлкен батарея сияқты жұмыс істейді. Процесс барысында бұл микробтар өледі, бірақ, олардың орнына жаңалары пайда болады. Мұндай сенсордан шағын СКД экранды «іске қосу» мүмкін болды. Дәл осындай экрандар қол сағаттарында орнатылған. Орташа есеппен алғанда мұндай «микробтық» сенсорлар 35 күн жұмыс істейді, содан кейін энергия қоры азаяды. Ғалымдар оларды ауыстыруды қажет етпеу бағытында жұмыс істеп жатыр, яғни, мәңгі жұмыс істейтін жолын қарастыруда. Бұл жағдайда мұндай микросұлбаларды дене параметрлерін өлшеуге арналған смарт сағаттарға, білезіктерге және гаджеттерге енгізуге болады.

0 пікір
Мұрағат