|
ВИЧ-ке қарсы екпе қанша жылдан кейін егіле бастайды
|
ВИЧ-ке қарсы екпе 10-12 жылдан кейін адамдарға егіле бастайды. Бұл жайында Біріккен Ұлттар Ұйымының ЖИТС (жүйелі иммундық тапшы синдромы) жөніндегі біріккен бағдарлама сарапшысы, профессор Эдуард Карамов мәлім етті. "Қазіргі уақытта көптеген емханалықжағдайда сынақтар жүргізіліп жатыр. Бірнеше емханадағы сынақта жақсы нәтиже көрсеткен бірнеше екпе бар. Жақын уақытта - 10-12 жылдан соң екпені қолданысқа енгізеді деп ойлаймын",- деді ол. Сондай-ақ, ол әлемнің көптеген елдерінде ВИЧ-инфекциясына қарсы күресте 30 жылдан аса уақыт бойы зерттеу жұмыстары жүргізіліп келе жатқанын жеткізді.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Ғалымдар кәрілікті тежеудің тың әдісін ұсынды
■
Африка елі төлқұжатқа хижабпен суретке түсуге рұқсат беруі мүмкін
■
Африка құрлығында қанша мұсылман бар
■
Тағы бір араб елі шетелдік компанияларға жұмыс орындарындағы жергілікті халықтың үлесін 80 пайызға жеткізуді талап етіп қойды
■
Африкалық мемлекеттің қор биржасы ислами капитал нарығы үшін арнайы ереже енгізеді