|
әл-Азһар түлегі Қырғызстанның мүфти сайлауында жеңіске жетті
|
Мысыр астанасындағы әлемге әйгілі әрі аса беделді ислами оқу ордасының түлегі Зәмір Рақиев Қырғызстанның жоғарғы мүфтиі қызметіне сайланды. Бұл жайында islam.kz порталы мәлім етеді. әл-Азһар түлегі Зәмір Рақиевтен өзге бұл жауапты қызметке сайлауда сегіз адам бақ сынады. Ғұламалар кеңесі өткізген құрылтайға қатысқан 220 адамның бәрі Зәмір Рақиевтің кандидатын қолай көрген. 43 жастағы Зәмір Рақиевтің мүфтиятта тәжірибесі мол маман: бас мүфти орынбасары, ҚМДБ білім беру бөлімінің меңгерушісі, Бішкек қаласының қазысы. Діни білімді елде және шетелде алған.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Бейнебақылау камерасының адам психикасына бейсаналы әсерінің салдары анықталды
■
Адам ДНҚ-нан “құдіретті күштің” ізі табылды
■
Африкадағы дағдарыстың ең басты себебі айтылды
■
Кездейсоқ ашылған жаңалық: суықтау микробтарға байланысты болмай шықты
■
Қырғызстанда мәйітті рұқсатсыз жерлегендер мен эксгумация жасағандарға жаза күшейтілмек