|
Балаларға арналған діни телеарна ашылады
|
Түркияның дін істері жөніндегі басқарма (Diyanet) жетекшісі Әлі Ербас Түркияның теле-радио хабар тарату корпорациясымен балаларға арналған діни телеарна ашу туралы келісіге қол қойды. Бұл жайында islam.kz порталы TRT агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Әлі Ербас бұрын Diyanet-тің негізгі мақсаты ислам негіздері мен құндылықтарын мейлінше ұтымды жолдармен халыққа жеткізуге саятынын мәлімдеген болатын. Бұл бағытта бұқаралық ақпарат құралдарын діни ағартушылықты дамытуда пайдаланудың барлық мүмкіндігі қарастырылатынын да жеткізген болатын.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Ғалымдар кәрілікті тежеудің тың әдісін ұсынды
■
Африка елі төлқұжатқа хижабпен суретке түсуге рұқсат беруі мүмкін
■
Африка құрлығында қанша мұсылман бар
■
Тағы бір араб елі шетелдік компанияларға жұмыс орындарындағы жергілікті халықтың үлесін 80 пайызға жеткізуді талап етіп қойды
■
Индонезияның ислами қаржы саласындағы толағай табысы