|
Брайл жүйесі бойынша Құран тәпсірі жарыққа шығады
|
Татарстанда көп ұзамай қасиетті Құран тәпсірі зағиптер үшін Брайл жүйесі бойынша басылып шықпақ. Татар және орыс тілдерінде. Татарстан республикасының мұсылмандары діни басқармасының "Ярдэм" ("Жәрдем") қайырымдылық қоры өкілдерінің айтуынша, бұл игі іске Қазан қаласының бизнесмендері қаржылай қолдау көрсетпек. "Луи Байрл қарпі бойынша басылған діни әдебиеттердің тапшы екенін жақсы білеміз. Осы олқылықтың орнын толтыру үшін келесі жылы көзі көрмейтін мүмкіндігі шеутеулі жандар үшін үш мың кітап шығарып, республика кітапханаларына жөнелтеміз",- деді аталмыш қор өкілі. Сөз орайы келгенде айта кету керек, Татарстан мұсылмандары діни басқармасы 2019 жылды Құранды тәпсірлеу жылы деп жариялаған болатын.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Ғалымдар кәрілікті тежеудің тың әдісін ұсынды
■
Африка елі төлқұжатқа хижабпен суретке түсуге рұқсат беруі мүмкін
■
Африка құрлығында қанша мұсылман бар
■
Тағы бір араб елі шетелдік компанияларға жұмыс орындарындағы жергілікті халықтың үлесін 80 пайызға жеткізуді талап етіп қойды
■
Африкалық мемлекеттің қор биржасы ислами капитал нарығы үшін арнайы ереже енгізеді