|
ИСИМ содырлары тарихи көне мұражайды қиратты (ВИДЕО)
|
ИСИМ содырлары Шам жеріндегі тарихи тамыры тереңде жатқан ежелгі Мосул мұражайын қиратты. Ондағы содырлардың кесірінен күл-талқаны шыққан аса құнды өнер туындылары мен ескерткіштер біздің дәуірімізге дейінгі VIII-ші ғасырға тиесілі. Содырлар аталған ескерткіштерді «ассириялықтар тұсында, надандық кезеңде» пайда болғанын желеу еткен. Осыған байланысты Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік кеңесі шұғыл мәжіліс өткізіп, ИСИМ содырларынан тарихи жәдігерлерді қалай қорғау керектігін талқылады. Айта кетейік, ИСИМ қанышерлерінің қолынан 100-ден аса ассириялық христиан қаза тапқан болатын. Ол ол ма, жүрген жерінде шөп шықпайтын лаңкестер Сирияның әл-Хасика провинциясында 300-ге тарта ассириялықты ұрлап алып кеткен еді.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Сарапшылар жасанды зерденің ешуақытта адам деңгейіне жете алмайтынын алға тартып отыр
■
Жапондық инженерия көңді алтынға айналдырады
■
Қытай соғыс кезінде жасанды зердені де майданға жұмылдыратын заң қабылдады
■
Азия елі 14 мың аюдың көзін жойды
■
Диқан бір тамшы сусыз қауын-қарбыз өсіріп отыр (видео)