Күн көзінен қуат алатын инновациялық қазақ үй жобасы жасалды (видео)
Күн көзінен қуат алатын инновациялық қазақ үй жобасы жасалды (видео)
8 жыл бұрын 7782

Семейлік сәулетші Асхат Бәкір модерн стиліндегі ұлттық киіз үйдің жобасын дайындады. Асхаттың арманы енді оны 2017 жылы Астанада өтетін халықаралық EXPO көрмесіне дейін жүзеге асыру. Осылайша, ол Ұлы дала елінің ұлы мұраларын дәріптемек ниетте. Киіз үй пішіндес алып ғимараттың биіктігі 4 қабатты үйге тең. Қаңқасы темірбетон болса, қабырғалары күн сәулесінен қуат алатын шынымен қапталмақ. Автор бұл мегажобаны дайындауға Ұлықбек Есдәулетовтің «Бұрышта» өлеңі себеп болғанын айтады және 7 жыл уақытын сарп етіпті. «Тақиялы доп», «Тайқазан», «Бесік» сияқты жобаларымен көпшілікке кеңінен танымал сәулетші тың идеясының елордамызда жүзеге асып, шетелдіктерге мақтанып көрсететін тағы бір ғимаратқа айналғанын қалайды. Асхат Бәкір, сәулетші: - Қымызымызды немістер патенттеп алып жатыр. Қазы-қарта Қытайда, дүниежүзіндегі ең үлкен киіз үй Қытай елінде тұр. Сондықтан бізге де шетелден ұсыныстар түседі. Бірақ біз өз Отанымыздың патриоты болғасын, Астанамызға қосқан үлесіміз болсын деп осы киіз үй пішіндес ғимаратты Астана қаласында салынғанын құптаймыз.

1 пікір
  • Осындай жобалар тек макет күйінде қалып отыр.Жүзеге асыратын болса жақсы болар еді
    8 жыл бұрын
Мұрағат