Мұса пайғамбардың мазары (фото+видео)
Мұса пайғамбардың мазары (фото+видео)
4 жыл бұрын 9687 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Қасиетті Құранда ең көп аталған (136 рет) пайғамбар Мұса туралы дерек көп. Өзге пайғамбарларға қарағанда. Алайда, оның сүйегі нақты қай жерде жатқаны турасында мәлімет жоқ. Десе де аңызға сенсек, ислам әлеміне танымал, тарихи тұлға Салаһуддин Айуби түсінде Мұса пайғамбардың жатқан жерін көреді. Салаһуддиннің тікелей пәрменімен сол орынға мешіт тұрғызылады. Мұсылмандардың бұл құлшылық үйін кейін қыпшақтан шыққан Мысыр сұлтаны Бейбарыстың әмірімен біздің дәуірімізде 1260 жылы кеңейтілген болатын. Мақам Иериһоннан оңтүстікке қарай 11 шақырым, ал Құдыстан шығысқа қарай 20 шақырым қашық жатыр. Бұл жайында islamiclandmarks.com ақпарат көзі хабар таратты. Бұдан бөлек, хадисті көп жеткізген саңлақ саһабалардың бірі Әбу Һурайра жеткізген хадистерде ишарат етілген. Әбу Һурайра жеткізген хадиске орай Мұса пайғамбар әл-Ақса мешіті маңында жан тапсыруды өтінген. Қабір басындағы мамлүктер жазбасында «Жаратушымен тілдескен Мұса пайғамбар қабірінің мақам құрылысын Ұлы мәртебелі сұлтан Даһер Әбу әл-Патһ Бейбарыс 668 (1269 жылы) жылы пәрмен еткен», деп жазылған. Бұл құрылыс Либаннан Һебронға дейін елді-мекендерде крест жорықшыларынан азат еткен Бейбарыс сұлтан жүргізген саясаттың бір бөлігі ретінде қарастырылады – киелі орындардың дені Інжілде айтылған пайғамбарлар мен Екі әлем сардарының (Алланың сәлемі мен игілігі болсын) саһабаларынікі болатын. Олардың құрылысы, т.б. уақыптар тарапынан қаржыландырылып отырды. Десе де осынау киелі орынға кейін жеткілікті мән берілмей кетті. Орта ғасырдың соңына таман билік басындағылардың пәрменімен ғибадатхананың жанынан саяхатшыларға бел жазып, аяқ суытатын жатақһана, ал 1470 және 1480 жылдары баспана салынған. 1820 жылы османлы түріктері жөндеуден өткізген еді. Бүгінде бұл ғимарат пайғамбар Мұса жерленген бөлмені қоса алғанда 120-дан аса бөлме қоршаған орталық ауланы да қамтиды.

Картинки по запросу

ファイル:NebiMussa150.jpg

0 пікір
Мұрағат